Шымкенттегі қолөнер жәрмеңкесі
«Халық мұрасы» атты қолөнер жәрмеңкесіне 40-қа жуық шебер бұйымдарын әкелді. Олардың ішінде күмістен жасалған әшекейлер де болды.
Көрмеге қойылған ер-тұрман. Көрмеге келген Шымкент тұрғындары ер шабу әдісін шеберлерден сұрап жатты.
«Ағаш өрнектері» шеберханасы өкілі Якия Әуелбековтің ағаштан ойған сағаттары көпшілік назарын аударды.
Өзі тіккен әшекейлі тақиясын көрсетіп тұрған шебер.
Қамыстан картиналар жасау әдісін түсіндіріп тұрған шебер.
Түркістандық шебер Гауһарбек Баянбайұлы жасаған асықты кәдесый.
Түркістандық шебер Гауһарбек Баянбайұлы бұйымдарын көбіне тораңғыл мен қарағаштан жасайтынын айтады.
Түркістандық 75 жастағы шебер Амангелді Елепберген ағаштан ойған бұйымдарын алып келген. Шебердің айтуынша, ұлттық қолөнерді демеушілер сирек.
Көрмеге қойылған кәдесыйдың бірі.
Шымкент тұрғындары кейбір дүниелерді киіп көріп жатты.
Ағаш бесік.
Мүмкіндігі шектеулі шебер Елмира Омарқызы қыз жасауын тігумен айналысатынын айтады.
60 мың теңгеге бағаланған ағаш астау (оң жақта).
Киізден басылған аяқкиімдер.
Бұйымдарды бағалап жүрген қазылар.