"Жергілікті" өнім жәрмеңкесі
Ақтау қаласының орталық алаңында бүгін азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Сатушылар мұндай жәрмеңкенің жаңа жылдан соң апта сайын өтіп келе жатқанын айтады.
Жәрмеңкеге салмағы 2 келіден сәл асатын бекіретұқымдас балықтар да шығарылған.
Бекіретұқымдас балықтар Ақтаудың маңындағы Ақшұқыр ауылындағы бекіре зауытында өсіріліп жатыр. Оларды малютка немесе уылдырық күйінде Атыраудан, Оралдан әкеледі. Суда сібірлік бекіре мен ақсерке де жүр.
Бекіре зауытының аға операторы Нұрберген Ниетбаев бекіре балықтарын өсірудің оңай шаруа емес екенін айтады
Жәрмеңкеде жергілікті азық-түлік өнімі көзге түспейді. Көбіне өнімдер Қазақстанның өзге өңірлерінен немесе Иран, Пәкістан, Әзербайжаннан жеткізілген болып шықты.
Жәрмеңкеге келушілер ет сүт өнімдеріне көбірек назар аударды. Қаз етін сатып алмақ болып тұрған ақтаулық тұрғын
Мәриям есімді сатушы әйел ет сүт өнімдерін: жылқының қазысын, ірімшік, қаймақ, құс етін ұсынып тұр. Ол бұлардың Ақтөбеден әкелінгенін айтады. Оның ірімшігінің келісі -1200 теңге, қолдың сары майының 600-700 грамы-600-900, жылқының қазысының келісі – 2000 теңгеден.
Маңғыстауға жеміс- жидектер Ираннан, ал картоп, сәбіз, қырыққабаттар Павлодардан жеткізіледі.
Ираннан жеткізлген алма - 350 теңге, Пәкістанан әкелінген мандариндер - 350 теңге, ал дәмдеуіш шөптердің бумасы 120 теңгеден сатылды. Сатушы әйел бұндай бағамен сату тиімсіз болса да бағаны әкімдік белгілейтінін айтты.
Жәрмеңкеге келушіліердің кейбірі оның бағасының базардағы бағадан көп айырмасы жоқ десе, Маржан Калижанова есімді тұрғын әлдеқайда арзан екенін айтады.
Кейбір сатып алушылар картоптың арасына бұзылып кеткені көптігіне реніш білдіріп, іріктеп алып жатты.