Наурыздың 15-16 күндері Шымкент қаласында екі күнге созылған республикалық «Наурыз» айтысы өткен болатын. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.
Айтыстың екінші күні сахнаға Оңтүстік Қазақстан аймағының ақыны Қажымұқан Абзалов пен ақтөбелік ақын Аян Сейітов шықты.
– Бұл күнде күйеулерін таппай қалып,
Қайын атаның қабағы қыржияды, - деп сөз бастаған Қажымұқан Абзалов Солтүстік Қазақстан облысында ауру шығып, көзі жойылған 720 бас сиыр жөнінде айтты.
– Қазақтың төрт түлігін өсірместен,
Шет елден әкелем деп, жең түреді.
Әкелген сиырлардан ауру шығып,
Қырылып жатқандығын ел біледі.
Мамытбеков министр отырыста
«Жеті жүз жиырма бас өлді» деді.
Кінарат қазағымның жерінде емес,
Шөбі шүйгін, жер суы мөлдір еді.
Қашқан күйеулер жүрген Австриядан
Сау сиырлар келмейтіні белгілі еді.
Бұл күйеулер көрсеткен сұмдық осы,
Бұл күйеулер бүлдірер енді нені?
Ал Аян Сейітов тастанды балалар тақырыбын қозғады.
- Баланы тапқан жақсы, сатқан жаман,
Бұл қоғам ондай іске араша емес.
Мейірім мен жылуын төгетіндей,
Алтын мен ақша оның анасы емес.
Көрінгеннің ұясында өсетіндей,
Сәбилерім көкектің баласы емес.
– Бұл күнде күйеулерін таппай қалып,
Қайын атаның қабағы қыржияды, - деп сөз бастаған Қажымұқан Абзалов Солтүстік Қазақстан облысында ауру шығып, көзі жойылған 720 бас сиыр жөнінде айтты.
– Қазақтың төрт түлігін өсірместен,
Шет елден әкелем деп, жең түреді.
Әкелген сиырлардан ауру шығып,
Қырылып жатқандығын ел біледі.
Мамытбеков министр отырыста
«Жеті жүз жиырма бас өлді» деді.
Кінарат қазағымның жерінде емес,
Шөбі шүйгін, жер суы мөлдір еді.
Қашқан күйеулер жүрген Австриядан
Сау сиырлар келмейтіні белгілі еді.
Бұл күйеулер көрсеткен сұмдық осы,
Бұл күйеулер бүлдірер енді нені?
Ал Аян Сейітов тастанды балалар тақырыбын қозғады.
- Баланы тапқан жақсы, сатқан жаман,
Бұл қоғам ондай іске араша емес.
Мейірім мен жылуын төгетіндей,
Алтын мен ақша оның анасы емес.
Көрінгеннің ұясында өсетіндей,
Сәбилерім көкектің баласы емес.
Your browser doesn’t support HTML5