Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен айтыс өтті. Сахнаға 3-жұп болып астаналық Еркебұлан Қайназаров пен оралдық Жансая Мусина шықты.
Айтыстың алғашқы күні көрермендер тарапынан талас тудырып, қазылар шешімін өзгерткен сөз сайысы – Еркебұлан мен Жансая айтысы болды. Қос ақын бір-бірімен жауаптаса отырып, түре айтыс жасады.
Алғашқы болып сөз бастаған Еркебұлан айтыстың эфирден қысқартылғанын тілге тиек етті:
– Бұрын мұнда көп келіп тұрушы едік,
Замана бұл салтты да зақымдады.
Ал ағайын куә бол тірі айтысқа,
Ақыры теледидар қатырмады.
Біз түгіл ұлықтаған үш бидің де,
Эфирден берілмейді-ау нақылдары...
Көктөбеге келіп тұр қазағымның
Көк жәшікке симаған ақындары.
Республикалық айтысқа енді ғана шыққан Батыс Қазақстан облысының айтыскері Жансая Мусина өзін көпшілікке таныстырды:
– Сал Мұхит, Ғарекеңнің еліненмін,
Үш жүзге әуелетіп ән арнаған.
Дина мен Құрманғазы, Сейтектердің,
Күйінің құдіретіне қана алмағам.
Мәншүк пен Хиуаздар батыр тұлға,
Әттең тек еркек болып жаралмаған.
Бөкейдің ордасынан келіп тұрмын,
Қарсылас келе ме деп шамаң маған.
Кезінде тақ орнаған сол ордаға,
Басына бұл күндері бақ орнаған.
Айтысқа төрелік жасаған Нұртөре Жүсіп пен Қали Сәрсенбай өз дауыстарын Жансая Мусинаға берсе, Жанарбек Әшімжан мен Серік Жанболатов Еркебұлан Қайназаровқа қолдау білдіріп, екі ақынның ұпайы теңесті. Осыдан кейін сахнаға көтерілген Жүрсін Ерман өз дауысын Еркебұлан Қайназаровқа беретіндігін, осы ақын екінші айналымға шығатынын хабарлады. Алайда айтысқа келген халық бұл шешімге нарызылық білдірген соң, қазылар екі ақынды да келесі айналымға өткізуді ұйғарды.

Your browser doesn’t support HTML5