Чекистердің аты жаңа көшелерге де беріліп жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Кейбір зерттеушілер сталиндік қуғын-сүргінді жүзеге асыруға қатысқан жазалаушы орган – НКВД-да қызмет еткен тұлғаларға кейінгі кездері көше атаулары беріле бастағанын, совет өкіметін орнатқан большевиктер атындағы көшелер мен ескерткіштердің кейбірі әлі тұрғанын айтады. Тарихшылар "совет өкіметін орнатқан большевиктер мен қуғын-сүргінді жүзеге асырғандарға баға бергенде абай болу қажет" деп санайды.