Бейбіт митингіде күш қолданатын кім? Наразылар ма, полиция ма?
Your browser doesn’t support HTML5
Полиция жасағының 10 қаңтар күні сайлауға қарсылық білдіргендерді 10 сағатқа жуық қоршап алып, ешқайда жібермей қоюын прокуратура заңсыз әрекет деп есептемейді. Арнайы жасақтың әрекетіне шағымданған саяси белсенділерге құзырлы орган осындай жауап жолдаған. Қазақстандағы митингілер бейбіт өтетінін айтқан құқық қорғаушы полицияның әрекетін ақтауға болмайды дейді.