"Партия сатып алу". Интернетте тараған қолхаттар нені білдіреді?
Your browser doesn’t support HTML5
Интернетте ЖСДП бұрынғы төрағасы Ермұрат Бапидің әлдебір азаматтан ірі көлемдегі қарыз алғаны жөніндегі қолхаттың суреті тарады. Оны Facebook желісінде жариялаған журналист Ораз Әлімбеков "бұл - партияны сатып алуға талпынған әрекет" деп бағалайды. Бір ай бұрын партия төрағалығынан кеткен Ермұрат Бапи бұған не дейді?