Маңғыстаудағы мереке

Маңғыстауда жұртшылық биыл да жылдағы дәстүр бойынша Ақтаудан жүз километрдей жердегі "Отпан тау" тарихи-мемориалдық кешенінде жиналып, Амал мейрамын тойлады. 

Бұл күні тұрғындар бір-бірімен көрісіп амандасады, қыстан аман-есен шығуымен, жаңа жыл келгенімен құттықтайды. 

Той басында бата беріп отырған ақсақалдар. 

Батыс өңірде Амалды тойлаудан соң да "көрісу" мерекесі наурыз айы бойы жалғаса береді.

Амал күні Маңғыстау жұрты бір-бірінің үйлеріне қыдырып, қонақ болады. "Отпан тау" тарихи-мемориалдық кешенінде де дастархан жайылды.  

Бұл күні қыз-келіншектер тойға жасанып, мерекеге сай ажарланып шығады. 

Той дүрмегін күрес қыздыра түседі. 

 

Немерелерін ойнатып отырған қариялар.  

Отпан тауға көрісуге келген әйелдер.

Тұсау кесу. 

"Отпан тау" тарихи-мемориалдық кешені. 

Амал күні таң сәресінде Маңғыстау өңіріндегі "Өзенмұнайгаз" компаниясында да дастархан жайылып, мұнайшылар бір-бірін құттықтады. 

"Өзенмұнайгаз" компаниясы бұрғылау жұмыстары басқармасында да жұмысшылар Амал мейрамын атап өтті.

Жұмыс күнін мұнайшылар мерекемен бастады. 

Наурыздың 14-і - Қазақстанның батысында ғана тойланатын Амал күні. Азаттық тілшісінің Маңғыстау облысындағы Отпан тауда өткен мейрамнан түсірген суреттері.