Шымкентте Азаттық тілшісін прокуратураға шақыртты
Your browser doesn’t support HTML5
Азаттықтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Дилара Исанының үйін келген екі полиция қызметкері журналистке прокуратураның шақырту хатын тапсырды. Хатта прокуратураға бару міндетті екені, «егер талапқа мойынсұнбай, себепсіз келмеген жағдайда мәжбүрлеп жеткізіліп, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жүктелуі» мүмкін екені ескертілген. Осыдан бір күн бұрын кешке Дилара Исаның үйіне өздерін «учаскелік полиция инспекторларымыз» деп таныстырған екі адам келіп, тілшінің қайда жұмыс істейтінін сұраған. «Басшылық тапсырмасы бойынша» келгендерін айтқан олар журналистке таңертең прокуратураға баруы мүмкін екенін жеткізген.