Боранды күн
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Мектептерде сабақ тоқтап, әуежай уақытша жабылды. Қала әкімдігі мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, сауда орындары, базарлар және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынды. Ал өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ішкі істер департаменті, төтенше жағдай департаменті, коммуналдық қызметтер жұмысын жалғастыра береді. 11 қаңтар 2018 жыл.