«ГКЧП» туралы білесіз бе?
Your browser doesn’t support HTML5
1991 жылы 19 тамызда КПСС орталық комитеті мен СССР үкіметінің бірнеше мүшесінен құралған топ КПСС бас хатшысы әрі СССР президенті Михаил Горбачев биліктен шеттетіліп, елде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (орысша - ГКЧП) құрылғанын және сол күннен бастап СССР-дің жекелеген аймақтарында 6 айға дейін төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеді. Бірақ ГКЧП-нің дәурені үш-ақ күнге созылды. Ресей (РСФСР) президенті Борис Ельцин бастаған топ жеңіске жеткен соң ГКЧП мүшелері тамыздың 21-і жаппай тұтқындалып, кейін сотқа тартылды. Азаттық Алматы көшелерінде жас азаматтардан 25 жыл бұрынғы «ГКЧП бүлігі» туралы не білетінін сұрап көрді.