Митинг қарсаңында белсенділер ұсталды, кейбірі әскерге шақырылды
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда оппозициялық топтар жариялаған митингі қарсаңында белсенділер ұсталып жатыр. Елдің әр аймағында бұған дейін түрлі наразылықтарға қатысып танылған азаматтарды сот әкімшілік жауапқа тартты. Кейбірі бірнеше тәулікке де қамалды, кейбіріне айппұл салынды. Әскерге шақырылғандары да бар.