1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрметіне тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші маңына жиналған адамдар.
Еске алу шарасы өтетін ескерткіш маңында әскери-парадтық киімдегі сарбаздар және үрмелі аспаптар әскери оркестрі тұрды.
Желтоқсан оқиғасын еске алуға жиналған жұртты бұл жерге қала әкімі Бауыржан Бәйбек келгенше «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қоюға өткізбеді.
Шараға келгендер арасында азаматтық белсенді Сахиб Жаңабаева да болды. Ол 2006 жылы Алматы маңындағы Шаңырақ ауылында болған оқиғаға байланысты сотталып, он жылдан астам уақыт түрмеде отырған диссидент Арон Атабектің суретін ұстап тұрды.
«Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қою шарасына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен құрбан болғандардың туыстары, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, жазушы Софы Сматаев, жастар ұйымдары өкілдері қатысты.
Бұл суретте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ақын Мұхтар Шаханов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің гүл қою шарасына қатысқан сәті бейнеленген.
«Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қойып жатқан қарапайым адамдар.
Гүл қою рәсімінен кейін жергілікті мешіт имамы құран оқыды.
Желтоқсан оқиғасы құрбандарына құран оқылып жатыр.
Құран оқылып болған соң жиналғандардың кейбірі қала әкімдігі ұйымдастырған асқа қатысуға кетті.
Бұл кезде Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші алдында бір топ азаматтық белсенді 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында және 2011 жылғы Жаңаөзен қаласында мұнайшылар ереуілін полиция күшпен басқан кезде қаза тапқандардың құрметіне гүл қойып жатқан еді.
Тәуелсіздік монументіне гүл қоюға келген азаматтық белсенділер.