"Адемдегі" өтініш кезегі

"Адемнің" бүгінгі көрінісі.

Өртенген «Адем» сауда үйінің алдында тұрған кәсіпкерлерге шай сатып жүрген әйел.

Өртенген аумақ әлі қоршауда.

Өрттен аман қалған кейбір бутиктегі заттарын кәсіпкерлер тасып әкетіп жатыр.

Құқық қорғау қызметкерлері де сауда үйі аумағында жүр.

Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер шығындарының орнын толтыру туралы өтініштерін  сауда үйінің әкімшілігіне кезекке тұрып, өткізіп жатыр.

Кейбір кәсіпкерлер өтініштерін сыртта көліктердің капотына қойып толтыруда.

Өрттен аман қалған, бірақ жарықтан ажыратылған «Адем-2», «Адем-3» сауда үйінің кәсіпкерлері топталып, сауда үйінің қайта іске қосылуын күтіп тұр.

Кейбір шағын бутиктер бүгіннен бастап жұмыс істей бастады.

«Адем» сауда үйінің алдындағы алаңқайды темекі мен сусын қалдықтарынан тазартып жүргендер.

"Адем" сауда үйінің кәсіпкерлері бүгін өтемақыларын өндіру туралы өтініш бере бастады.