Ақтаудағы этнографиялық фестиваль
Жаңаөзендік Гүлнар Жәкиева кезінде теріден жасалған осындай ыдыспен құдықтан су тартқандарын айтады.
Көрмеге қойылған баланың бесігінде күл салынған түбек қалта мен сүйектен жасалған шүмек бар.
77 жастағы Юрий Лавров өзі ағаштан ойып жасаған заттарын таныстырып тұр.
Маңғыстау ауданынан келген Қалам Өмірбаева өзі тоқыған алашаларын көрсетіп отыр.
Қолөнер шеберлері әзірлеген бұйымдар.
62 жастағы қолөнерші Бақтыгүл Дауылбаеваның түйе пішінінде әзірлеген бұйымы.
Қарақия ауданы Бостан ауылынан келген қолөнер шеберлері (оңнан солға қарай) Бақтыгүл Дауылбаева мен қолөнер үйірмесінің жетекшісі Қырмызы Қожахметова.
Қарақия ауданы Бостан ауылынан келген 61 жастағы Рысхан Меңдібаева өзі жасаған бұйымдарын көрсетіп тұр.
Жаңаөзен қаласынан келген қолөнер шебері Гүлнар Жәкиева жіпті қалай иіретінін көрсетіп тұр.
Жәрмеңкеге жиналған жұрт шұбат дәмін татып көру үшін кезекте тұр.
Шұбат ішіп тұрған ер адам.
Бейнеу ауданынан келген Алмагүл Есбергенова (сол жақта) шұбатқа қоса қазақтың дәстүрлі тағамы - асылған етті ала келіпті.
Этнографиялық фестивальді тамашалауға балаларымен бірге келген ер адам.