Күйген қой, өлі коала. Өрт зардабын тартқан жануарлар
Новра қаласы орманындағы өрттен қашып бара жатқан жылқы. Өрттен бас сауғалаған жабайы жануарлар да елдімекендерге жиі кіреді. Өрттен аман қалған аң сусап, көше бойына шығады.
Алайда бәрі бірдей аман қалып жатқан жоқ. Бұл - Аделаида қаласының оңтүстік-батысында орналасқан Кенгуру аралындағы өрт кезінде өлген коала. Қырылған аң санына қатысты экологтер дерегі әртүрлі. Сидней экология университетінің мамандары өртеніп кеткен жануар саны 1 миллиардқа жетуі мүмкін екенін айтады.
Иден қаласында көшеде жатқан өлі құс. Кей аймақта жануарлардың үштен бірі өрт кезінде жанып кеткен.
Өртенген жазықта жүрген қой.
Табиғат қорғаушысы Саймон Адамчик Кенгуру аралындағы орман өртінен аман қалған коаланы әкетіп барады.
Құтқарушылар өрт кезінде жараланған жылқыға ауруды басатын дәрі беріп жатыр.
Киа қаласының тұрғыны туысының өртенген үйін аралап жүр.
Өрттен жапа шеккен тұрғындарға билік өтемақы төлейді. Австралия үкіметі бұл мақсатқа бюджеттен 1,2 миллиард еуро бөлген.
Қоршау ішінде қалып, өрт қаупі төнген қойды айдап бара жатқан құтқарушы.
Өрт тез тараған аймақ тұрғындары үйін тастап, басқа жаққа бас сауғалауға мәжбүр болған. Ресми дерек бойынша, бір ғана Виктория штатында өрт кезінде 67 мың адам көшірілген.
Идендегі Нуллика өзенінің жағалауында жатқан құс.
Еріктілер Улладулла қаласындағы отты өшіріп жүр. Тұрғындар аз шоғырланған аумақтардағы өртті сөндіруге жаппай еріктілер жұмылдырып жатыр. Апатты жағдайға байланысты билік оларға еңбекақы төлейді. 10 күн бойы өрт сөндіруге жәрдемдескен еріктілерге күніне 190 еуродан беріледі.
Иесінің өртенген үйіне келген ит. Киа қаласы, 8 қаңтар 2020 жыл.
Түтін басқан Жаңа Оңтүстік Уэльсте ойнап жүрген балалар. Бұл - өрт зардабын ең көп тартқан штаттың бірі. Аймақтың шамамен бес миллион гектары өртеніп, 1300 үй жанып кеткен. Мыңдаған адам тұрғылықты мекен-жайын тастап көшуге мәжбүр болды.
Сиднейден 90 шақырым жерде орналасқан Билпин қаласындағы өртті сөндіріп жүрген тікұшақ.
Австралия метеорология бюросының дерегінше, 1910 жылдан бері құрлықтағы ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша 1 градусқа көтерілген. 1950 жылдан бері қарай ыстық күшейе түскен. Ғалымдар "ыстық күн мен құрғақ ауа райы бұдан былай аймақта өрттің жиілеуіне әсер етеді" дейді.