1996 жылдан бері адам құқығын қорғап келе жатқан «Дом» қоғамдық бірлестігіне жергілікті салық органдары «қосымша салық төле» деген талап қойып отырғалы біраз болған. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда мұндай қысымға душар болатын қоғамдық ұйымдар көп.
«Дом» қоғамдық бірлестігінің жетекшілігі мұны Батыстың грантымен түрлі қоғамдық жобаларды жүзеге асырып, демократиялық бағытта жұмыс жасап отырған үкіметтік емес ұйымдарға жасалған саяси қоқан-лоққы деп бағалайды.
– АҚШ-тағы Демократияны қолдау ұлттық қорынан алған грантымыз үшін жергілікті салық комитеті бізден корпоративті табыс салығын төлеуді талап етіп отыр. Бір жыл бойы бұл шешімнің заңсыз екенін дәлелдеуге тырыстық. Бір жағынан, біздің сот жүйеміз қаншалықты әділетті екенін білгім келді. Бұлай емес екеніне көзім жетті, – дейді бірлестіктің төрайымы Майра Әбенова.
Оның айтуынша, салық органы мамандарының талабы заңсыз, себебі, қоғамдық бірлестік алдына коммерциялық пайда табуды емес, қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.
– Салық кодексі бойынша гранттың түсіндірмесі бар. Біз өзімізге ерекше артықшылық беріңдер деп сұрап отырған жоқпыз. Заң бойынша алынған ақшадан пайда көруге мүлде құқымыз жоқ. Ұйымның жарғысы бойынша қол жеткен грантымызды ұйым мүшелеріне таратуға құқымыз жоқ. Бар қаражат жобалардың жүзеге асырылуына жұмсалып жатыр. Ал салық органдары болса, грант берген ұйымның үкіметтің қаулысындағы тізімде жоқ екенін айтады, – дейді Семейдегі «Дом» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Адам құқығын қорғау саласында жұмыстарын жалғастыру үшін Майра Әбенова өткен жылы «Дом» қоғамдық қорын ашып қойған екен. Мойнында бірнеше миллион теңге қарызы бар бірлестіктің жабылатынына ол енді сенімді.
– Қазір банкроттыққа қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Яғни, біздің материал ауданаралық экономикалық сотқа тапсырылды. Онда біздің тағдырымыз шешіледі. Дәлірек айтсақ, бұл шешіліп қойған. Себебі, біз салықты төлейік деп отырған жоқпыз. Біз қоғамдық ұйым болғандықтан, бізден алатын ешнәрсе де жоқ, – деді Майра Әбенова.
«БИЛІК БІЗБЕН ЕСЕП АЙЫРҒЫСЫ КЕЛЕДІ»
Біз осы мәселеге қатысты Семей қалалық салық басқармасының бастығы Қанат Әділбаевқа хабарласқан едік.
– 2005 жылы бұл ұйымға тексеріс жүргізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша, қосымша салықтар есептелінген. Бұл салықтар бүгінгі күнге дейін әлі төленген жоқ. Ол кісілер сотқа шағымданды. Соттың бірінші инстанциясында ұтылып қалды. Қазір әлі бұл кісілермен соттасып жатырмыз. Олардың есепшоттарына ақша түскен, олар оны алған да, бірақ қайда жібергенін өздері де білмейді. Сот қандай шешім қабылдайды, біз сондай әрекет жасаймыз, – деді Қанат Әділбаев.
Майра Әбенованың айтуынша, республикада батыстың гранттарымен өмір сүріп жатқан көптеген қоғамдық ұйымдар бар. Олардың арасында тек адам құқығы, демократиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар ғана осындай «салық тәлкегіне» ұшыраған. Бұл «биліктің бізбен есеп айырысуының бір түрі» дейді ол.
– Біз қоғам үшін маңызы бар жобаларды жүзеге асырдық. Бұл жобалар кейбір мемлекеттік органдарды, әсіресе, мемлекеттік қызмет пен өздерінің жеке қалталарын шатастырып алған шенеуніктерге оңай тимегені анық, – дейді Майра Әбенова.
ҰНАМАҒАННЫҢ БӘРІ САЛЫҚ ӘЛЕГІНЕ ҰШЫРАЙДЫ
Сарапшылардың сөзіне қарағанда, мұндай жағдайға ұшыраған жалғыз «Дом» емес көрінеді. Олардың қайсыбіреуі салық комитетінің талабының заңсыз екенін дәлелдесе, кейбіреуі талап еткен соманы төлеп «құтылған».
– Бізді 2005 жылы президенттік сайлауға 7 ай қалғанда тексерді. Әуел баста 1 ай тексереміз деген, бірақ 6 айға созылды. Президенттік сайлауға 15 күн қалғанда «міне, 7,5 мың доллар төлейсіңдер, төлемесеңдер – жабылады» деді. Мен бірден мұның президенттік сайлауға республикалық тәуелсіз бақылау жүйесін қатыстырмау екенін айттым.
Ондай болмас үшін, ұйымның өзі жыл сайын іштей аудит жұмыстарын жасау керек. Бір аудиторлық фирмаға ақша беріп, өзін толықтай тексертуі тиіс. Аудит «мына нәрсе қате, мына нәрсе дұрыс» деп айтады. Сонда саған ешнәрсе істей алмайды.
Ал ондай нәрсені істемесең, үкімет осыны пайдаланады да, саяси бағыттағы, демократиялық бағыттағы, адам құқығы бағытындағы қоғамдық ұйымдардың бәрінің төбесінен ұрады тарсылдатып, – дейді «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.
Заңгер Сергей Уткиннің пікірінше, жоғарыда көрсетілген нақты мысалдарда салық органдарының талабы заңсыз.
– Егер осы бірлестік сияқты коммерциялық емес ұйым қандай да бір жарна немесе қайырымдылық, материалдық көмек ретінде ақша алса, оны сөзсіз табыс, кіріс деп атай аламыз. Бірақ мұндай заңды тұлғаға табыс салығы салынбайды. Себебі, ол мұны кәсіпкерлік әрекетінің нәтижесінде алған жоқ. Коммерциялық емес ұйымдарға кіріс қабылдауына рұқсат етілген. Бұл жерде оның қайда жұмсалатыны да маңызды. Олар (коммерциялық емес ұйымдар – Азаттық.) Жарғыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс. Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарға неге осыншалықты артықшылық беруде? Себебі, бұлар қоғам үшін өте пайдалы мақсаттарды жүзеге асырып отыр, – дейді Сергей Уткин.