Бұл туралы 3 қыркүйекте Парламент Сенатына депутаттар ұсынудың соңғы нүктесі қойылғанда белгілі болды.
Азаттық радиосына Орталық сайлау комиссиясының Атыраудағы өкілі Тамара Амантурлина баяндағандай, Атырау облысы бойынша тіркелген кандидаттар саны - 4. Олардың үшеуі өзін өзі, ал біреуін Жылой аудандық мәслихаты ұсынды. Бұл 4 талапкердің тек біреуі ғана еш партияда жоқ, қалғандары "Нұр Отан" партиясының мүшесі.
Бұл жолғы Сенат сайлауына кандидат ұсынуға аймақтағы басқа саяси партиялардың өкілдері тіпті талпыныс та жасамапты. Оның себебі жайлы Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық филиалының жетекшісі Ж.Кушенов: «Біздің партиямыз әлі жас. Кандидат болуға сай адамдар болғанымен, олар бар жағынан сенатор жүгін арқалауға дайын емес. Әрі басқа жағынан да мүмкіншілігіміз аз деп қатыспадық» десе, Қазақстан патриоттары партиясының Атыраудағы филиалы жетекшісінің орынбасары Венера Әкімқызы «Біз бір кандидат ұсынғымыз келген, бірақ ол кісі бас тартты. Себебі, бәрібір өтпейтінімізге көзіміз жетіп отыр» деп түсіндірді.

Орталық сайлау комиссиясының Атыраудағы өкілі Тамара Өтегенқызының айтуынша, сенатор болуға кандидаттардың бәрі «Сайлау туралы» заң талабына сай үміткерлікке арыздарына қоса тапсыратын жеке бас құжаттарымен қатар, дүние-мүлкінің сабақ жібіне дейінгі кіріс-шығысын есебін, 180 мың 375 теңге көлемінде сайлау жарнасын өткізген. Мұның үстіне облыстағы сайлау комиссиясының жұмысшы тобы бұл құжаттардың нақтылығын тексереді. Сенатқа сайланудың ерекшелігі сонда, Мәжілістегідей дау-дабыра жоқ. Болашақ сенаторлардың тағдыры әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының дауысымен шешіледі. Ал мәслихат депутатының қайсыбір кандидатты қолдап қағазға қол қойғаны, сайлау кезінде дауысты дәл сол кандидатқа береді деген сөз емес. Яғни, кім сайланса да облысқа жаны ашитын адам болуы шарт.
Енді 14 қыркүйектен бастап 2 қарашаға дейін 19 күн бойы әр кандидат өз бағдарламаларын ел назарына ұсынып, Парламентке не үшін баратынын айтып үгіт-насихатпен айналысады.
Бұл мақсатта олардың әрқайсысына Орталық сайлау комиссиясының бюджетінен 250 мың теңге бөлінді. Ал Сенаттағы Атырау облысы еншісіндегі жалғыз мандатты кім иеленетінін атыраулықтар 4 қарашада білетін болады.