Ясауи дүрбесінің қазіргі қалпы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы аумағында тұр. Ясауи дүрбесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Мыңдаған құнды тарихи жәдігерлер сақталатын мұражай аумағында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бөлек, Есім ханның бейіті, Рабиға Сұлтан Бегім күмбезі, «Қылует» жерасты медресесі, Жұма мешіті мен Түркістан моншасы орналасқан. Бұл мұражай қорымда Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай сияқты қазақтың 20-дан астам ханы, Қазыбек, Шоң, Әнет, Қанай, Қараменді сияқты билері, Шақшақ Жәнбек, Қанжығалы Бөгенбай, Қойгелді тәрізді 50-ден астам батыры жатыр. Қазақстан, Түркістан қаласы, 3 маусым 2017 жыл.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру 2015 жылдан бері ақылы.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның маңайына жерленген қазақ халқының ел билеген хандары, билері мен батырлары, игі-жақсыларының есімдері жазылған тақта. Түркістан қаласы, 3 маусым 2017 жыл.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ілулі тұрған тақтайша.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі алдында жүрген адамдар.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағындағы Есім ханның кесенесі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қазақтың хандары, билері мен батырларының сүйегі жатқан бөлмелерге алып баратын есіктер.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қазақтың хандары, билері мен батырлары жерленген бөлме.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде қазақтың ханы Абылайға арнап қойылған қабіртас.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішінде жерленген Абылай ханның қабіртасы жанында құран оқып отырған ер адам.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі белгісіз әйелге қойылған қабіртас. Түркістан, 3 маусым 2017 жыл.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы таныстырушысы Данияр Сәдуақасов (сол жақта) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның маңайында қазақтың қандай тарихи тұлғалары жатқанын айтып тұр.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тауап ете келген Қаратау қаласы тұрғыны Алма Пазылова тарихи орыннан ерекше әсер алғанын; халыққа амандық, заманға тыныштық тілегенін айтады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің көне кірпіштері.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кіреберісінде тұрған мүгедектерге арналған арба. Қазақстан, Түркістан қаласы, 3 маусым 2017 жыл.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағындағы белгісіз сағана.
Қорық-мұражай аумағындағы мешіт қақпасы.
Қорық-мұражай аумағындағы медреседе намаз оқып отырған адам.
19-ғасырдың Құран кітабы мен тәспісі.
Қорық-мұражай аумағындағы медресе ішіне қойылған күміс тұмарсауыттар.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағындағы 12 және 14-ғасырлардағы шілхана.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Кесене кіреберісіндегі кішкентай терезеге қонақтап отырған көгершін.
Қорық-мұражай аумағындағы кесене, медресе, мешіт, моншаның әрбірінің алдында садақа жәшіктері қойылған.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ішіне салынған қорған.