Бұл күндері Ұлыбританияда жұмыс бабымен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен өткізген брифингте «Борат» фильмін шығарған ағылшын сайқымазағы Саша Коэнмен кездескісі келетіндігін мәлімдеді. Ал Президенттің үлкен қызы - Дариға Нұрсұлтанқызы төрағалық ететін Еуразиялық медиа форумды ұйымдастыру кеңесі журналистердің келесі жылғы халықаралық пікірталасында «Борат Сағдиевтің» шығармашылығына да уақыт бөлуді жөн көріпті.
Ағылшын сайқымазағы Саша Барон Коэннің «Борат: Абыройлы Қазақстан ұлтының мерейін арттыру үшін Американы мәдени тану" атты шулы фильмі бұл күндері Ұлыбритания кинотеатрларында жүріп жатыр. Тұманды альбион халқы осы елге жұмыс бабымен барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Борат» суреті бейнеленген үлкен билбордтармен күтіп алды, деп жазды батыс басылымдары. Қарашаның 21-күні Лондонда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев өзін қазақстандық журналист Боратпын деп таныстыратын Саша Барон Коэнмен кездескісі келетіндігін мәлімдеді:
- Мүмкін қазақстандық журналист Борат Сағдиев осында отырған шығар? Мен онымен сөйлескім келеді.
Саша Коэннің шулы фильмі әлемдік экрандарға шығардан бұрын ресми Астана «Борат» образын сынға алып, ағылшын сайқымазағын айыптаған болатын. Артынша Қазақстан басшысының қызы Дариға Назарбаева және Президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев бұл фильмді әзіл ретінде қарауға шақырған еді. Енді Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де «Борат» образын әзілмен қабылдайтындығын білдіріп отыр.
- Шын мәнінде Қазақстанды Еуропа жұртшылығы аз танитындығы бізді қатты алаңдатады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал сарапшылар болса Қазақстан басшылығының Саша Коэнге қатысты ұстанымы «Борат» фильмін үлкен табыстарға кенелтті деп есептейді. Журналист Ермұрат Бапидің пікірінше, осындай туындының пайда болуына билік кінәлі.
- Мұндай тақырыптың әлемдік киноөндірісіне енуіне Қазақстанның саяси билігі кінәлі. Халықтың әлеуметтік мәселесіне бағытталмаған, биліктің мәртебесін көтеруге бағытталған саясаттың нәтижесінде Қазақстанда қазір декоративтік саяси кезең жүріп жатыр: Астананың құрылысы сияқты жарқырап тұрған ғимараттар, қаладан елу шақырым ары жүрсең нағыз Қазақстанның қазіргі әлеуметтік әлпеті көрінеді, - деді Ермұрат Бапи.
Алайда Нұрсұлтан Назарбаев бұл пікірмен келіспейді. Президенттің айтуынша, «Борат» фильмінің актері Саша Коэн ешқашан Қазақстанда болмаған.
- Коэн мырзаның Қазақстанға келмегендігі, бұл фильм Қазақстанда түсірілмегендігі белгілі болып отыр: туынды Румынияның кедей ауылында түсірілген. Фильмдегі «қазақтардың» ролін кедей сығандар орындаса, «мас қазақтардың» ролін америкалық студенттер сомдаған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Борат» фильмінің әлемдік таныстырылымы Қазақстан Президентінің осы жылғы қыркүйек айында АҚШ-қа жасаған сапарымен тұспа-тұс келіп, америкалықтарға «Көшпенділер» фильмі де көрсетілді. Алайда қазақстандық жоба ағылшын сайқымазағы түсірген фильмді шетке ығыстыра алған жоқ. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары қарсаңында Қазақстанның Лондондағы елшілігі «көшпенділік мәдениет» туралы қойылым ұйымдастырды, деді «Азаттық» радиосына «Қазақфильм» киностудиясының Бас директоры Сергей Әзімов.
- Ұлыбритания халқына қазақтың әдеп-ғұрпын, көшпенділердің дәстүрін көрсету мақсатында Қазақстанның Лондағы елшілігімен бірігіп, осындау шоу өткізгенбіз.
Алайда батыстық ақпарат құралдарына Борат Сағдиевтің басынан кешіргендері қызығырақ болып тұр.
Бұл уақытта Дариға Нұрсұлтанқызы төрағалық ететін Еуразиялық медиа форумды ұйымдастыру кеңесі журналистердің келесі жылғы халықаралық пікірталасында «Борат Сағдиевтің» шығармашылығына да уақыт бөлуді жөн көріпті. Борат Сағдиевті біз «мәдени феномен» ретінде бағалап отырмыз, деді Еуразиялық медиафорумның бас директоры Лариса Пак. - Саша Коэнді осы жылғы медиа форумға шақырған болатынбыз. Алайда ол келген жоқ. Бізді «Борат Сағдиев - қазіргі заманның жарқын тұлғасы» ретінде қызықтырып отыр.
Бұған дейін Коэн мырзаны республикаға келіп қайтуға Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Рахат Әлиев шақырған болатын.