Қарашаның 20-күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабымен Лондонға барды. Үш күнге созылатын ресми сапары барысында Қазақстан басшысы Ұлыбритания Ханшайымы Екінші Елизавета және Үкімет басшысы Тони Блэрмен жүздеседі. Кездесулер барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас және халықаралық проблемалар талқыланатындығы хабарланды. Ал қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға сапары Еуропа елдерінің энергетикалық тапшылығынан туындап отыр.
Қазақстан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевты Лондонның Хитроу әуежайынан британдық үкімет өкілдері дүйсенбі күні түскі уақытта күтіп алады. Ал Президенттің Ұлыбританиядағы ресми сапары келесі күні басталады. Қарашаның 21-күні Нұрсұлтан Назарбаев Букингем сарайында Ұлыбритания Ханшайымы Екінші Елизаветаның қабылдауында болып, одан соң Үкімет басшысы Тони Блэрмен жүздеседі. Бұл кездесуде екі жақты экономикалық қарым-қатынас мәселелерімен қатар халықаралық өзекті проблемалар: Ауғанстандағы жағдай, Иранның ядролық қару жасау мүмкіндіктері төңірегіндегі тақырыптар сөз болады. Қазақстандық бірқатар сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға сапары ОБСЕ ұйымына 2009 жылы төрағалық етуші мемлекетті анықтау қарсаңында өтіп жатқандығын айтуда. Саясаттанушы Эдуард Полетаевтің пікірінше, ОБСЕ-ге төрағалық ету мәселесінде Астананың Лондонмен келісіп алуы маңызды.
- Англо-саксондық одақтастар: АҚШ пен Ұлыбританияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына үлкен ықпалы бар. Көптеген мәселелер аталған екі мемлекеттің ұстанымына сай шешіліп жатады. Ал Еуропаның қалған мемлекеттері көбіне-көп АҚШ-Ұлыбритания ұстанымына қарап шешім қабылдайды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін АҚШ-та ресми сапарда болғандығын ескерсек, Лондонға сапарын да соның жалғасы ретінде қарастыруға болады, - дейді Эдуард Полетаев.
Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық ету мәселесі - Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға жасаған сапарында басты тақырыптардың бірі ретінде талқыланып, Буш әкімшілігі Астананың осы ұйымға төрағалық ету жөніндегі бастамасын қолдайтындығын, бірақ Қазақстан оған қазір дайын емес екендігін білдерген еді. Бұл мәселеде Ұлыбританияның ұстанымы да Вашингтонның жауабына ұқсайды. Осы тұрғыдан алғанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға сапары барысында бұл мәселенің талқыланары сөзсіз, бірақ бұл басты тақырып емес, - дейді саясаттанушы Болатхан Тайжан.
- Президенттің бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәселесін оңтайлы шешуді көздеп отырған жоқ. Лондондағы келіссөздерде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзекті мәселелер талқыланады.
Бұл пікірді саясаттанушы Ермұрат Бапи да қолдайды. Оның пікірінше, Президенттің осы сапары барысында Ұлыбритания өзінің энергетикалық мәселелерін шешуге ден қояды.
- Мен Нұрсұлтан Назарбавтың Лондондағы кездесулерінде Орталық Азия немесе Қазақстанға қатысты өзекті саяси мәселелер қаралады деп ойламаймын. Бұл сапар Еуропа елдерінің энергетикалық тапшылығынан туындаған секілді, - дейді Ермұрат Бапи.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанда ағылшынның 200-ге тарта компания жұмыс істейді. Британдық капиталдың басым бөлігі Қазақстандағы мұнай өндірісіне жұмсалған. Қазақстандық кәсіпкерлер болса Лондондағы қор биржасына қатысуда мүдделілік танытып келеді. Ұлыбританияға сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 22-күні Лондон қор биржасындағы сауданы ашып беріп, сол күні қаладағы металл биржасында болады. Сонымен бірге Қазақстан басшысы Лондонда «Арселор-Миттал» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Лакшми Митталмен, «Самрұқ» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эвенспен және басқа да британдық кесіпкерлермен кездесу өткізеді. Сапар қорытындысы бойынша халықаралық терроризм мен ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі меморандумға және көлік тасымалына қатысты үкіметаралық келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған.