Алматы жұртшылығы жаңа теңгенің айналымға шығуына қарсылық білдіріп, қарашаның 1-күні тағы да наразылық шеруіне шықты. Митингке қатысқандар ұлттық валютаның жаңа үлгісінде екі тілде жазылуы мен оның безендірілуін құптамайтындықтарын айтып, биліктен жазылуында қатесі бар теңгенің қолданысқа шығарылмауын талап етті.
«Сақау теңгеге жол жоқ!» деген ұранмен басталған бұл жиынға, митингке қатысушылардың өздерінің айтуынша, шамамен екі жүзге жуық қала жұртшылығы жиналыпты. Олардың дені қоғамдық ұйым өкілдері және жастар. Қалалық әкімшіліктің рұқсатымен, әдеттегідей «Ақсай» ықшам ауданындағы Ленин ескерткіші тұрған тар алаңға жиналған жұртшылық бас-аяғы бір сағатқа созылған митингте жаңа валютаға қатысты пікірлерін көпшілікпен бөлісіп жатты. Солардың арасында студент Ерболат Әбікенұлы жаңа теңгеге қатысты наразалығын мемлекеттік тіл мәртебесіне байланыстыра отырып, өзге тілде басылған ақшаны пайдаланудан бас тартатындығын айтты.
- Мұндай ақшаны ұстауға ұятым жібермейді. Сол теңгені аш қалсам да ұстамаппын, көрмеппін де! Біз биліктегілерден үміт күтпей, өз мүддемізді қорғай білуіміз керек, - дейді студент Ерболат.
Ал осы митингте өз үнін қосқандардың ішіндегі тағы бір студент Қанат Ақанов қатесі бар теңгенің айналымға шығу «салтанатын» наразылық акциясымен қарсы алатындығын білдірді.
- Жаңа теңгені осы күйінде айналымға шығаратын болса, онда халық республикалық деңгейде қарсылық шарасына шығады деп үміттенемін. Дегенмен, мұндай жағдайға жеткізбей Президент жаңа үлгідегі ақшаны айналымға шығартпай тастайды деген сенім де жоқ емес, - дейді Қанат.
Алайда «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім жаңа теңгенің айналымға шығуы жалпыхалықтық наразылыққа бастайды деген болжаммен келіспейді.
- Халық көтерілмейді деген әңгіме көпшілік намыстанбайды деген ұғымды білдірмесе керек. Бұл жердегі әңгіме - сол намысты шығару жолын білмеуде және әлі күнге дейін оны бастап баратын үлкен жоқтығында болып отыр. Халықтың дені жаңа теңгенің шығарылуына қарсы екендігі ақиқат. Мұндай жағдайлардың бәрі қоғамды ойлантпай қоймайтындығы анық, - дейді «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім.
Ал республикалық «Желтоқсан – 86: тәуелсіздік қырандары» қозғалысының жетекшісі Гүлбаһрам Жүністің айтуынша, көпшіліктің мүддесіне тікелей қатысы бар мәселе халықпен ақылдасып барып шешілмейінше билік пен халық арасындағы қарама-қайшылық ешқашан бітпейді.
- Халықпен келіспей жатып, теңгеден ұлы бабаларымыздың суреттерін алып тастап, түкке тұрғысыз шимақтарды жазғандығы түсініксіз. Сондықтан біздің қазіргі биіміз де, билігіміз де – халық. Билік алдымен бір нәрсе жасау үшін бірінші халқынан сұрауы тиіс еді, - дейді Гүлбаһрам Жүніс.
Митингке қатысқандар арасында «болары болды, бояу сіңді» деген пікірдегілер де жоқ емес. 2005 жылғы сайлауда президенттікке таласқандардың бірі Балтабай Рақымжановтың пікірінше, жаңа теңгенің айналымға шығуын тоқтату қолдан келмейді.
- Бүгінгі митингте сөйлегендер жаңа валютаның шығарылуын тоқтатамыз деп айтып жатыр. Менің пікірімше, бұл процесті біз тоқтата алмаймыз. Ақша айналымға кетіп қалды. Сондықтан сол айналымға түскен ақшадан тезірек құтылудың жолдарын қарастырған дұрыс.
Сөйтіп, жаңа валютаға қатысты әртүрлі пікірлерін ортаға салған жұртшылық митинг соңында қарар қабылдап, билік өкілдеріне жолдады. Онда халықтың жаңа валютаға қарсы екендігі айтылып, келешекте билік кез-келген іс-шараларды көпшілікпен талқылап отыруын талап еткен.
Қазақ және орыс тілдерінде басылған жаңа теңгені осы жылдың тамыз айында көпшілікке таныстырған Ұлттық банк басшылығы бетіндегі жазуында қатесі бар банкноттарды биылғы жылы қараша айының 15-інен бастап айналымға түсіретіндігін жариялаған болатын.