Алматы қалалық мүлікті заңдастыру комитеті Шаңырақтағы сай тұрғындарының баспаналарын құжатпен рәсімдеуге қатысты өтініштерінің барлығын қайтарып берді. Оны әкімшілік өкілдері елді мекендегі сайда орналасқан үйлер сызға жақын жатқандықтан заңдастыруға жатпайды деп негіздеген. Ал тұрғындар болса ол жерлер баяғыда-ақ құрғап біткендігін алға тартып отыр.
Шаңырақтағы сайдың тұрғыны Владимир бұл жерге осыдан екі жыл бұрын баспана тұрғызған кезде жер асты сулары бір метр тереңдікте жатқандығын айтады. Содан бері бұл жерлердің тұрғындары көбейіп, қазір жер асты бұрынғыдан төмен тереңдіктен шығады, дейді Владимир:
- Өткен жылы су 75 сантиметрден шығатын. Осы жылы тексергенімізде жер асты сулары 1 жарым метрде жатқандығын анықтадық. Бұл жерлер жылдан-жылға құрғап келе жатыр. Сайдан 5 шақырым қашықтықта көл бар, оның өзі тарылып барады. Алайда әкімшілік «бұл жерлер сыз» деп айтудан қайтпай отыр.
Осы мәселеге орай қалалық әкімшілікке хабарласқанымызда мүлікті заңдастыру комиссиясының хатшысы Сәуле Омарова Шаңырақтағы сай сызға жақын жатқандықтан мұндағы тұрғындардың баспаналарын заңдастыра алмайтындығын айтты.
- Қазіргі таңда мүлікті заңдастыру үшін Шаңырақтан 229 өтініш келіп түсті. Соның 129-ын сайдың тұрғындары өткізіпті. Оның 114-ін біз заңдастырудан бас тарттық. Өйткені, бұл баспаналар сыздың үстінен салынған. Оның үстіне бұл жерлер сейсмикалық қауіпті аймақ саналады. Соған байланысты біз сайдың тұрғындарының өтініштерін қанағаттандыра алмаймыз, - дейді мүлікті заңдастыру комиссиясының хатшысы Сәуле Омарова.
Алайда тұрғындар әкімшіліктің мұндай шешімімен келіспейтіндігін айтып отыр. Олардың пікірінше, әкімшілік сайдағы үйлерді заңдастырмаудың амалдарын қарастырып келеді.
- Бұған дейін олар бұл жерлерге селдің қаупі бар деп келген. Енді судан қауіп бар дегенді айтып отыр. Ал біз бұл жерлер қайта тексерілу керек деп есептейміз, - дейді Шаңырақ тұрғыны Владимир.
Сайдың тұрғындарының пікірін «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитетінің төрағасы Дос Көшім де қолдап отыр. Оның айтуынша, әкімшілік Шаңырақтағы жерлерді заңдастырғысы келмейді.
- Бұл жерлер толық құрғап біткен, халыққа қауіпті емес. Шындығында сол жерлер қауіпті болса, онда неге осыдан алты жыл бұрын сайға баспана тұрғызуға жол берілген?! Сондықтан әкімшіліктің бұл әрекетін «сылтау» деп есептеймін, - дейді Дос Көшім.
Мүлікті заңдастыру акциясы республика аумағында биылғы жылы тамыз айында басталды. Соған байланысты Бас прокуратура Алматыдағы заңсыз соғылған үйлерді жаппай бұзу әрекеттерін тоқтатып, тұрғындарға мүлікті заңдастыруға мүмкіндік жасау туралы қаулы шығарған болатын. Алайда Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов қазанның 18-күні қалалық әкімшіліктегі жиында заңсыз соғылған үйлердің барлығын сот шешімін күтпей-ақ, қирату керек деген пікірін айтты. Қала әкімінің бұл мәлімдемесіне үйлерін заңдастыра алмай жүрген тұрғындар мен қоғамдық ұйым өкілдері өз наразылықтарын білдірген еді.