Қазақстанның қара сора өсімдігіне бай Шу өңірінен 1 тоннадан астам есірткі өнімін жинаған деп күдіктелген Ресей азаматы қазанның 15-күні қолға түсті. Полиция өкілдері бұл осы маусымда тәркіленген ең үлкен есірткі партиясы екендігін айтып отыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері республика бойынша шашамен 20 тонна есірткі заты тәркіленді. Мамандар Қазақстандағы есірткі саудасының жылдан-жылға артуын көршілес Ауғанстандағы апиын өндірісінің өсуімен де байланыстырады.
Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Тасөткел аулының маңында 1 тоннадан астам есірткі затын дайындаған деген күдікпен ресейлік азаматтың ұсталғандығын «Азаттық» радиосына Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Роза Молдиярқызы хабарлады. Оның айтуынша, полиция бұл азаматты қара сора жинап жүрген сәтінде қолға түсірген.
- Шу өңірінен ұсталған ресей азаматына қатысты Қылмыс кодексінің 259-бабына сәйкес үлкен көлемде есірткі өнімін сақтаған деген күдікпен қылмыстық іс қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл азаматтың басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы қосымша тексеріліп жатыр.
Роза Молдиярқызы осы жылы Шу өңірінде есірткі өндіру көлемі едәуір ұлғайып отырғандығын айтты. Мәселен, қазан айының алғашқы жартысында ғана осы өңірден 2 тоннаға жуық есірткі өнімі тәркіленген. Ал қыркүйек-қазан айларын қоса алғанда полицияның қолына түскен есірткі өнімі 4 тоннадан асып кеткен. Бұл өткен жылғы дәл осы мерзімдегі көрсеткіштен 30 пайызға артық, - дейді Роза Молдиярқызы.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Шу алқабы 6 мың тоннадан астам қара сора өндіруге жетеді. Ал жалпы Қазақстан бойынша сора өсімдігінің таралу алқабы 130 мың гектарды алып жатыр.
Мамандар Шу өңірінде қара сора өсірудің әдістері жылдан-жылға жетіліп келе жатқандығын атап көрсетті. Мысалы, қазанның 15-күні полиция өз үйінің ауласында сора өсімдігін жаңа әдіспен өсірген Тараз тұрғынын қолға түсірді, - деп хабарлады Жамбыл облыстық департаменттінің баспасөз хатшысы Роза Молдиярқызы.
- Бұл азаматтың ауласындағы қара сора шөптесін тәрізді емес, ағаш секілді діңгектене өсіпті. Оның қожайыны сораны қатты күтімге алып, сорттау жұмыстарын жүргізген екен. Соның нәтижесінде мұндағы қара сораның әр түбі алты келі есірткі затын беруге дейін жетілген. Біз мұндай жағдаймен бірінші мәрте кезігіп отырмыз.
Қазір қара сораны жетілдірумен айналысқан тараздық азамат есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, қазанның 9-15 аралығында республика бойынша есірткіге қатысты 210 қылмыс тіркелген, соның 57-сі есірткі саудасымен байланысты. Ал жыл басынан бері Қазақстанда 20 тоннадан астам есірткі заты тәркіленіп, оған қатысты 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен артық екендігін Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Мамандар Қазақстанда есірткі саудасының өсуін ішкі аумақтағы қара сораның көбеюімен қатар, соңғы жылдары көрші елдерде есірткі өндірудің ұлғайғандығымен де байланыстырады. Тәжікстанның есірткі саудасына бақылау жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы өкілі Секмат Ганиевтың айтуынша, осы жылы Ауғанстанда есірткі өндірісінің едәуір ұлғаюы Орталық Азия мемлекеттеріне өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды.
- Осы жылы Ауғанстанда есірткі өндіру бұрынарғы жылдармен салыстырғанда едәуір өсіп отыр. Қазір есірткіні жинау маусымы жүріп жатыр. Оны өңдеуден өткізген соң анаша Ауғанстаннан сыртқа тасыла бастайды. Әдетте сауда уақыты қараша-желтоқсан айларында басталады. Ауған есірткісі Тәжікстан мен Қырғызстан арқылы Қазақстанға өтіп, одан әрі Ресейге шығарылады. Біреулер есіркіні жаяулап тасыса, бірқатары көлікпен өткізуге тырысып жатады, - дейді Секмат Ганиев.
Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі айналымына халықаралық бақылау жөніндегі бағдарламасының мәліметі бойынша, 2006 жылы Ауғанстанда 6100 тонна шамасында апиын өндірілуі мүмкін. Бұл өткен жылғы өнімнен 2000 тоннаға артық. Әлемде 200 миллионға жуық адам есірткі тұтынатын болса, соның 92 пайызының қажеттілігін ауған апиыны өтейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, Қазақстанда шамамен 250 мың адам есірткі тұтынады.