Сенбі күні жарық көрген газеттердің бірі «Оңтүстік Қазақстан облысына таралған ВИЧ инфекциясы Өзбекстаннан келуі мүмкін» деген болжам келтіріпті. Сонымен бірге басылымдар Қазақстанда пара алған деген күдікпен лауазымды шенеуніктер ұсталып жатқандығына мән беріпті.
ВИЧ инфекциясын Қазақстанның оңтүстігіне таратқан өзбек саудагерлері болуы мүмкін екендігі туралы мақала «Айқын» газетінде басылыпты. Өзбекстанның «Ерекше көзқарас» атты тәуелсіз интернет сайтында басылған материалға сілтеме жасай отырып, «Айқын» газеті былай деп жазды: «Интернет газеті таратқан ақпаратына қарағанда, бір өзбек азаматы «Шымкент ауруханаларына донор қаны арзан бағамен Өзбекстан аумағынан жеткізіледі» деп хабарлаған. Оның айтуынша, Ташкент қаласында және маңайындағы кішігірім қалаларда жекелеген адамдар біраз уақыттан бері, көрші республикаға жіберу үшін, ел арасында астыртын қан жинаумен айналыса бастапты. Адам қанын саудалаушылар көшеде түнеп жүрген қайыршыларды, жан-жақтан жұмыс іздеп келген, тұрағы жоқ қаңғыбастарды ұстап алып, қандарын өткізіп, ақша табуға үгіттейді». «Донор қаны тиелген контейнерлер көбінесе «Гишт-Куприк» бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанға өткізіліп отырған» делінген мақалада. «Ал Шымкент қаласындағы қан құю орталығының донор бөлімі бастығының міндетін атқарушы Рима Копылованың айтуынша, Шымкентте СПИД ауруы шыққанға дейін қан құю орталығы әрбір ауруханада дерлік жұмыс істеген. - Олардың әрқайсысында қанның таза екендігіне жауапты дәрігер болады. Сондықтан қала ауруханаларындағы ауруларға қандай қан құйылып жатқандығын біз біле бермейміз, депті Рима Копылова «Айқын» газетіне берген сұхбатында.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы эпидемиямен күресу үшін Шымкент қаласына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымының мамандары келгендігі «Казахстанская правда» газетінде айтылыпты. «Аталған ұйымның кеңесшісі Светлана Комар қатерлі дертке шалдыққан балаларды тексеріп, оларды емдеумен айналысатын дәрігерлерге арнайы дәріс берумен айналыса бастады. – ВИЧ инфекциясы барлардан қорқудың қажеті жоқ. Бұл кеселдің емі жоғы рас, бірақ осындай созылмалы аурумен күтіне білген жағдайда ұзақ өмір сүруге болады, дейді Светлана Комар. Оның айтуынша, қазіргі таңда қоғамда үрей туғызбай, инфекциясың таралуын тоқтатқан абзал. Ал облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев болса ауруларды емдеуге арналған қосымша аурухананың ғимаратын тұрғызуды тапсырыпты. Сонымен бірге аймақ басшысы Шымкенттегі облыстық аурухананың құрылысын тездетуді сұраған. Бас прокурордың аға көмекшісі Төрехан Адай облыста дәрігерлердің жұмысына қатысты 11 қылмыстық іс қозғалғандығын айтты» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
Словакия және Израиль мемлекеттері қатерлі дертті жұқтырған баларға көмектесуге дайын екендігі «Егемен Қазақстан» газетінде жазылыпты. «Қазанның 6-күні Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой Словакия мен Израильдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері Душан Подгорски және Ран Ишаймен кездескен. Осыдан біраз уақыт бұрын Словакияда бір топ маманнан құрылған делегацияның жасақталып жатқаны туралы хабарланған болатын. Словакиялық елші Душан Подгорскидің сөзіне қарағанда, сол делегация қарашаның соңын ала Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ инфекциясын жұқтырған балаларға медициналық жәрдем көрсетпек. Елші Словакия үкіметінің оңтүстіктегі ауру балалармен қатар, туберкулез, ревматизм және онкологиялық аурулармен ауыратын жандарға жәрдем ретінде Словакияның шипажайларына жолдама беруге дайын екенін жеткізді. Тағы бір айта кетерлік жәйт, осы кездесуде Қазақстанда нуклеарлы медицина орталығын құру, Словакияның дәрі-дәрмегін Қазақстанға жеткізетін ұйымдардың мәселесі, сондай-ақ қазақстандық мамандардың осы елдің алдыңғы қатарлы клиникалары мен орталықтарында біліктілігін жетілдіру жайлары әңгіме болды. Ал Ран Ишай мырза болса Израиль мемлекетінің де оңтүстіктегі ауру балаларға медициналық жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Бұл уақытта Қазақстанда жер сатқыш әкімдерді ұстау басталғандығы «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Мысалға, жерге қатысты жемқор тірліктері үшін Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласының әкімі 5 жыл 6 айға сотталған. Оған қоса, оның барлық мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарылыпты. Осы сияқты биылғы маусым айында Ақмола облысы, Целиноград ауданының ауылдық әкімі де пара алып жатқан жерінде ұсталған. Сарыағаштың бұрынғы әкімінің үстінен де қылмыстық іс ашылуда, ол... шіркеуге тиісті жерді тартып алып, Сарыағаш ауданының әкіміне жеке меншікке берген. Екі әкім де қазір қызметтен қуылыпты» делінген «Айқын» газетінің мақаласында.
Ал «Литер» газеті болса Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматыдағы тұрғын үй басқармасының директоры Нұғман Асқаровты ұстағандығына мән беріпті. «Нұғман Асқаров Қылмыс кодексінің 311 бабы бойынша пара алған деген күдікпен істі болып отыр. Асқаров тұрғын үй басқармасының бастығы қызметін бір жылға жуық атқарған. Ал осы басқарманың бұған дейінгі бастығы да пара алғаны үшін ұсталған болатын» деп жазды «Литер» газеті.