Жұма күнгі баспасөз сыра мен шараптың кейбір түрлерін ашық жарнамалауды көздейтін заң жобасын сенаторлар кейінге қайтарғандығы туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар Шығыс Қазақстан облысындағы Беген ауылы тұтастай өртеніп кеткендігіне мән берсе, тағы бір газетте әскер қатарына шақырылған жасөспірімдердің 90 пайызы сарбаздыққа жарамсыз екендігі жазылыпты.
Парламентінің Жоғарғы палатасының барлық комитеттері жарнама туралы Төменгі палата қабылдаған заңды бекітуден бас тартып, кері қайтаруға шешім қабылдағандығы туралы мақала «Айқын» газетінде жарық көріпті. «Бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары үш жыл талқылап барып қабылдаған болатын. Мәжілістен «мұртынан күліп» шыққан бұл заң Сенат табалдырығынан аттай бере, ...тосылып қалды» делінген мақалада. «Ал жарнама туралы жаңа заң сыра мен шараптың кейбір түрлерін ашық жарнамалауды заңдастыруды көздейді. Мәжіліс депутаттары өздерінің заңға «үкілеп» қосқан даулы 13-бабына «сыраны және құрғақ, натуралды шараптарды жарнамалаудың ерекшеліктері» деген қызық айдар тағыпты». - Бізде ондай жарнамаға жол жоқ, - депті әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов «Айқын» газетіне берген сұхбатында.
Ал «Литер» газеті болса жарнама туралы заң жобасының 13-бабының өзі жарнама екендігіне мән беріпті. «Бұл заң жобасы Парламенттің төменгі палатасынан қалайша өтіп кеткендігін сенатор Талғатбек Абайділдин бұл құжатты Мәжіліс депутаттары жазғы демалысқа шығар алдында қарағандығымен түсіндіреді. – Соған байланысты төменгі палатаның депутаттары аса қырағылық танытпаған, - депті сенатор. Ал сенаторлардың отырысына үкімет тарапынан баяндамашы ретінде қатысқан Әділет министрі Зағипа Бәлиева спиртті ішімдіктер мен темекілерді жарнамалауға тиым салу керектігін айтқан. Алайда министр алькоголдік ішімдікті өндірушілердің кеңінен таралған сауда маркаларын қолдануына қарсы қандай шара бар екендігін білмейді» делінген «Литер» газетіндегі мақалада.
Бұл уақытта Мәжіліс депутаттары қоғамдық қауіпсіздік туралы заңнамаларды өзгертумен айналысып жатқандығы «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде баяндалыпты. «Атап айтқанда, төменгі палатаның депутаттары қарапайым жиынды митингтен қалай айыруға болады деген сұраққа жауап іздеген. Ал мұндай жағдайда полицияның әрекеті қандай болмақ деген мәселе де депутаттар талқылаған басты тақырыптардың бірі болыпты. Осы сұрақтардың жауабын мәжілістегілер осы жылдың желтоқсанына дейін табуы керек. Аса түйткіл сүрақтар бойынша олар адам құқығы мәселесімен айналысатын мамандардың пікіріне жүгінбек» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Ал «Айқын» газеті болса Шығыс Қазақстан облысындағы Беген ауылы түгелдей өртеніп кеткендігіне мән беріпті. «Тілсіз жау Семей қаласының түбіндегі Бесқарағай ауданының аумағында жайылымдық даласы бар, қарағайлы орманы бар 7 мың гектар алқапты жалмап, төрт адамның өмірін қиып кетті. Өрт сейсенбі күні түс кезінде Қосқарағай учаскесіндегі қурайдан басталған. Қатты соққан жел ұшқынды үрлеп, іліп алып кеткен. Тұтқиылдан келген өрттен қатты жапа шеккен 420 тұрғыны бар Беген орман шаруашылығы болды. Мұндағы 121 тұрғын үйдің 92-сі және 600-ге тарта шаруашылық ғимараттары өртеніп кетті. Күлге айналған ауылдың 416 тұрғыны басқа жерге көшірілді» деп жазды «Айқын» газеті.
Алдын ала шығарылған есеп бойынша бұл өрттің салдарынан 300 миллион теңге шамасында шығын келгендігі «Панорама» газетінде айтылыпты. «Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің мәліметі бойынша, апат салдарын жою үшін 8 миллион теңге бөлінген. Ал облыстық білім департаментіне далада қалған отбасылардағы 70 баланы киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмысы тапсырылыпты» деп жазды «Панорама» газеті.
Қазақстанда әскер қатарына шақырылған жасөспірімдердің 90 пайызы сарбаздыққа жарамсыз екендігі туралы мақала «Central Asia Monitor» газетінде басылыпты. «Егер осыдан бес жыл бұрын әскер қатарына шақырылғандардың арасында 12-15 адам сарбаз атануға жарамды болса, қазіргі таңда осыншама адамның ішінен 1-2 азамат қана әскерге алынып жатыр» делінген мақалада. Жасөспірімдердің көбінде майтабан, салмақ жетіспеушілік, бүйрек, жүрек, өкпе аурулары кезігеді екен. Әскерге шақырылғандардың арасында ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар да бар» деп жазды «Central Asia Monitor» газеті.