Ирандағы 2 ағайынды ВИЧ/СПИД дертінен және нашақорлықтан емдеудің өз елінде қабылданған әдістемесін өзгертті. Ағайынды 2 дәрігер Араш және Камияр Алаи – ауқатты отбасында тәрбиеленіп өсті. Бірақ қазір екеуі өмірде жолы болмай, көшеде қаңғырып жүрген мүсәпірлерге көмек берумен айналысады – олардың қалайша қоғамның толыққанды мүшесі болуына, кейде тіпті сүйгенін тауып, отбасын құруына ақыл-кеңес береді. Осы күні ағайындылар Иранның 67 қаласы мен 57 түрмесінде өз клиникасын ашты және де – мұсылман әлемі үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үлгісін құрды. 28-інші қыркүйек күні “Азаттық” Радиосының тілшілері Американың Вашингтондағы Денсаулық бойынша Ұлттық Институтына келген осы 2 ағайындымен сұхбат өткізген болатын.
Араш Алаи – Иранның туберкулез бен өкпе аурулары бойынша Ұлттық ғылыми-зерттеу Институтына қарайтын халықаралық білім беру және зерттеу орталығының директоры болып табылады. Бұл орталық – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тығыз байланыс орнатқан. Оның бауыры – Камияр – ВИЧ/СПИД және сол сияқты жыныстық жолмен және қан арқылы жұғатын басқа да дерттердің алдын-алумен, дертке шалдыққандарды емдеп күтумен және бойында “ғасыр дерті” мен басқа жұқпалы аурулардың инфекциясы бар адамдарға қамқорлық көрсететін Ирандағы үкіметтік емес ұйымның жетекшісі. Қазір ол Гарвард университетіндегі денсаулық Институтына келіп жүр.
“АЗАТТЫҚ”: - Сіздер өз ауруханаларыңызды үлкен 3 проблеманы қарастыруына байланысты “үш қырлы” деп атайсыздар ма? Ол неғылған проблемалар және сіздердің әдістемелеріңіз туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы не ойлайды?
АРАШ АЛАИ: “Үш қырлы” клиникалар жыныстық жолмен жұғатын сырқаттармен, ВИЧ/СПИД және нашақорлыққа қарсы күрес бағдарламасымен жұмыс атқарады. Бұл клиникалар ВИЧ/СПИД сияқты жыныстық жолмен жұққан аурулардың кесірін жеңілдетумен, бойында “ғасыр дертінің” инфекциясы бар адамдарға дәрігерлік көмек берумен және т.б. басқа дәрігерлік емдеумен шұғылданады. Осыдан 3 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық кеңесшісі біздің ауруханаларымызға келіп, бізді Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі “ең үздік әдістемесі” бар модель ретінде қабылдады.
“АЗАТТЫҚ”: 1996-ншы жылы Иран парламентінің депутаты сіздердің бағдарламаңызға ұқсас – Ұлттық СПИД ауруханасын ашу бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама сәтсіздікке ұшырады, ал депутат қайта сайланбай қалды. Сіз қалай ойлайсыз – сіздер табысқа жеткен салада оның жолы неліктен сәтсіз болды?
КАМИЯР АЛАИ: Парламенттің аталған мүшесі дәрігер болатын және ол СПИД жұқтырған сырқаттардың барлығын ауруханаға жатқызу керек деп ойлады. Міне осылайша ол СПИД-тен емдейтін ұлттық аурухана құрмақ болды. Бірақ оны тіпті өзінің туған қаласының азаматтары қолдамады. Ол проблеманың түп-тамырын зерттемей, үстірт шешкісі келді. Ол сәтсіздікке ұшырады. Ал біз өзіміздің жобамызды бастағанда, біз түп-тамырынан бастап, бір адымдап жылжыдық. Біз өзіміздің тобымыздың ең басты мұқтажын білгіміз келді. Міне сол мұқтаждыққа сүйене отырып, біз өзіміздің жобамызды кеңейттік. Адымдап-адымдап жүре келіп біз жобаға қоғамның түрлі бөлігін тарттық.
“АЗАТТЫҚ”: Үкіметтік емес ұйым ретінде Сіз үкіметтің қамқорлығынсыз іс атқарасыз. Сіз қаржыны қайдан аласыз? Сіз үкіметтің қолдауына сүйенесіз бе әлде халықаралық демеушілерден қаражат аласыз ба?
АРАШ АЛАИ: “Үш қырлы” бағдарламаны медицина университеттері қадағалап отыр және медицина университеттерінің денсаулық саласындағы түрлі шарасына қажетті нақты қаржысы болады. Осыдан 3 жыл бұрын университеттер, үкіметпен ынтымақтаса отырып, БҰҰ-ының Ғаламдық қорынан бюджет сұрады (БҰҰ-ының Ғаламдық қоры СПИД-ке, туберкулез бен безгек ауруларына қарсы күресті қаржыландыру мақсатында құрылған. – «Азаттық»). Міне содан бері университеттердің бюджеттерінен және Ғаламдық қордан толық бюджет түсіп отыр.
“АЗАТТЫҚ”: Енді мектеп жасындағы мұсылман қыздарына жыныстық қатынас туралы тәрбие беру сынды өте қолайсыз тақырыпқа келейік: қыз-баламен осындай тақырып бойынша әңгімелесу үшін қандай қабылет немесе әдістеме болуы керек? Оларға сондай тәлім-тәрбие беру үшін Сіз алғашқыда олармен қалай тіл таптыңыз?
KАМИЯР АЛАИ: Менің ойымша, мұндай ерекше проблема мұсылман қауымдастықтарына ғана тән емес. Қауіпті жыныстық қатынасқа деген, балаларын оқытуға деген алаңдаушылықтар түрлі елдің сан-алуан қауымдастықтарында да бар. Біз өзіміздің жобамызды бастағалы жатқан кезде, өзіміздің қандай тақырыптарды қамтығымыз келетіні туралы оқытушыларға және ата-аналарға арналған бірқатар оқу курсын өткіздік, қазір олар әлі жалғасуда. Және біз “қауіпті секс” немесе “қауіпсіз секс” дегеннен ғана емес, отбасын жоспарлау проблемасынан бастадық. Және де біз ВИЧ/СПИД-пен тығыз байланысты нәрселерді – қан құю, бір шприцті қайта-қайта қолдану сияқты оның жұғу жолдарын бірінші қатарға қойғымыз келді. Міне сондай жолдың бірі қауіпті жыныстық байланыс болды. Осылайша біз өте қолайсыз проблеманы бірінші қатарға қойғымыз келмей, оны біз оқу жоспарына енгіздік. Біздің оқу жоспарымызда осыған байланысты “Егер Сіз болашақта үйленсеңіз немесе жыныстық байланысыңыз болса, онда Сіздің “кондом” немесе “мүшеқап” сынды құралыңыз болуға тиіс” деген сабақ болды. Демек, әлгіндей сабақты Сіздің қалай өткізгеніңіз де өте маңызды.
“АЗАТТЫҚ”: Ол жақта Сіздің жоспарыңызға деген қандайда бір қарсылық болды ма?
KАМИЯР АЛАИ: Біз енді бастаған кезде, ия, қарсылық болды. Ол жергілікті әдет-ғұрыппен байланысты болатын. Ол түрлі қаланың әдет-ғұрыптарымен және қарым-қатынасымен байланысты болды. Бірақ, біз адымдап-адымдап өзіміздің сынақ түріндегі жобамызды бастап кеттек және біз табысқа жеттік. Содан кейін біз басқа қалаларға қарай кеңеюге мүмкіндік алдық.
“АЗАТТЫҚ”: Ислам елдерінде, әсіресе Парсы шығанағы елдері ВИЧ/СПИД дертін әлі де болса жоққа шығарады. Сіздер мен сіздердің осы елдердегі әріптестеріңіздің арасында қандай да бір ынтымақтастық байланыс болды ма, болса – одан қандай нәтиже болды?
КАМИЯР АЛАИ: Бұл – шынында да маңызды проблема. Өйткені, аталған аймақтыңы ең басты көзқарасы – ВИЧ/СПИД-ті христиандардың дерті деп қабылданады. Осылайша біз оған қарсы тұрмаймыз. Ал біз Ирандағы осындай жоққа шығарған тыныштықты бұзғанымызда, біз діни басшылардың қолдауына ие болдық.