Сәрсенбілік баспасөз Қазақстан және Ресей президенттері Орал қаласында кездескендігі туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар Әлихан Байменовтың депутаттық мандатқа ие болғандығына мән беріпті.
Қыркүйектің 3-күні Орал қаласында басталған шекаралас аймақтардың форумында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин бірқатар құжаттарға қол қойғандығы «Егемен Қазақстан» газетінде айтылыпты. «Олар: Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында бірлес¬кен өткізу бекеттерінің құрылысы туралы, Шекаралас аумақтар тұрғындарының екі елдің мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі туралы және басқа да келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, “Байқоңыр” кешені аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Ал «Айқын» газеті болса осы форум барысында Ресейдің Орынбор қаласындағы газ өңдеу зауыты негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келім жасалғандығына мән беріпті. «Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы газ өндірісіне қатысты экономикалық байланыстарды дамытуға сіңірген еңбегі үшін ресейлік «Газпром» АҚ-ның төрағасы Алексей Миллерді «Достық» орденімен марапаттаған. Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынас пен мәдени байланыстардың жыл сайын беки түсетіндігіне сенім білдіріпті. «Әсіресе, ядролық энергетика, ғарыштық зерттеу, отын-энергетика кешені мен агросектор салалары бойынша біздің ортақ жобаларымыздың келешегі кемел», депті Ресей басшысы. Шекаралық аймақтардың ендігі алқалы жиыны келесі жылы Новосібір қаласында өтетін болып келісілді» деп жазды «Айқын» газеті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі жабық есік жағдайында өткендігі «Литер» газетінде сөз болыпты. «Сонымен бірге мемлекет басшылары Орал қаласындағы бірқатар мәдени орындарды аралаған. Атап айтқанда президенттер «А.С.Пушкин Орал қаласында» деп аталатын экспозицияны тамашалаған. 2006 жыл - Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы болып жарияланған еді» делінген «Литер» газетіндегі мақалада.
Қазақстан және Ресей басшыларын Орал қаласының тұрғындары айрықша жағдайда қарсы алғандығына «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты мән беріпті. «Форум басталардан бір күн бұрын қалаға кіретін күре жолдардың бәрі жабылды. Сонымен бірге Оралдағы ірі дүкендер мен базарлар жұмысын үш күнге тоқтатқан. Ал көше бойларындағы дүкендер мен сұлулық салондары секілді басқа да орындарға бұл мекемелердің сыртқы көрінісін қалпына келтіруге тапсырма берілген. Қаладағы Жоғарғы оқу орындардың жұмысы тоқтап, студенттер үйлеріне қайтарылыпты. Бірқатар орта мектептерде сабақ уақытша тоқтатылған» деп жазды «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
Бұл уақытта республикалық «Ақ жол» демократиялық партиясының басшысы Әлихан Бәйменов депутаттық мандатқа ие болғандығы «Айқын» газетінде айтылған. «Орталық сайлау комиссиясы Әлихан Бәйменовке Парламент Мәжілісіне депутаттыққа құқық беретін мандатын қайтарып беріп, пайдалану туралы қаулы қабылдапты. Сөйтіп, партиялық тізімді бастап, бірінші болып тұрған Әлихан Бәйменовтің депутаттығы «Сайлау туралы» заңға сәйкес тіркелді. Алайда Орталық сайлау комиссиясының осындай шешім шығарған отырысына Әлихан Бәйменовтің өзі келмеген. Сонымен бірге комиссия мүшелері Қазақстан азаматтарын шет мемлекеттердегі сайлауларға бақылаушы ретінде жіберу ережені бекіткен. Ережеге сәйкес, өзге елдердің сайлауларына Қазақстандағы мемлекеттік орындардың, саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бақылаушы бола алады. Алайда шарт бойынша, олардың бәрінің жоғары білімі болуы тиіс, сонымен қатар ағылшын тілін, халықаралық құқық негіздерін және еліміздің сайлауға қатысты заңнамаларын жетік білулері керек» деп жазды «Айқын» газеті.
Ал қазанның 20-күні ауыл әкімдерін сайлауға дайындық тақырыбы «Литер» газетінде қозғалыпты. Қазіргі таңда әкімдікке үміткер ретінде 149 кандидат тіркелген. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас аудандыға бір кандитат өз үміткерлігінен бас тартқан – бұл азаматты Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Өмірзақ Шүкеев өзінің орынбасары қызметіне тағайындапты. Қазіргі таңда аймақтарда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр» деп жазды «Литер» газеті.