Ресейдің және бірқатар ТМД елінің компаниялары осы күзде Лондон биржасында ІРО науқанын өткізбекші немесе, басқаша айтқанда, өздерінің акцияларын ашық саудаға қоймақшы . Мұнай мен металл өндіретін ірі компаниялар өткен жазда өз акцияларын алғаш рет саудаға қою арқылы 10 млрд. доллардан асатын қаржы тарта алған Ресейдің “РосНефть” мұнай компаниясының жолына түсуге үміттенеді. Бірақ Сахалин аралындағы мұнай өндіру жобасы маңайынан таяуда шыққан жанжал Батыс инвесторларын сескендіруі мүмкін. Бірақ, оның есесіне, ТМД-ның басқа елдерінің ІРО науқаны әлдеқайда тартымды көрінуі ықтимал - өткен аптада “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының еншілесі болып табылатын “Разведка. Добыча” немесе қазақшалап айтқанда - “Барлау. Өндіру” фирмасы өз акцияларын өте сәтті орналастырды.
Халықаралық инвестицияларды тартуы және өзінің дамуына қажетті капитал табу үшін барлық құрлықтың компания-фирмалары Лондонның Қор биржасына барады. Осындай компаниялардың ең соңғылары болып Ресей мен басқа да ТМД елдерінің фирмалары өздерінің акцияларын Лондонның Қор биржасына алғаш рет саудаға қоймақшы, яғни аталған биржада ІРО науқанын өткізуді жоспарлап отыр немесе аталған Биржамен келісімге келмекші. Одан бұрын осы жазда Ресейдің “РосНефть” мұнай компаниясы Лондонда өткізген ІРО науқаны нәтижесінде 10 млрд. доллардан асатын қаржы тапты. Ал қыркүйектің 28-і күні Қазақстанның “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының филиалы болып табылатын “ҚазМұнайГаз. Разведка. Добыча” немесе қазақшалап айтқанда – “Барлау. Өндіру” фирмасы Лондонның Қор биржасына өзінің 23 млн. қарапайым акциясын өте сәтті орналастырды. Ол жайында 3-інші қазан күні “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының 1-інші вице-президенті Жақсыбек Құлекеев хабарлады. Оның айтуынша, осы келісім-шарттың нәтижесінде 2 млрд. долларға жуық қаржы тартуды жоспарлаған компания - 2.3 млрд. доллар тарта алған. “Егер компанияның нарықтық бағасына келетін болсақ, деп атап көрсетті Жақсыбек Құлекеев, оны алдағы уақытта өтетін сауда барысы айқындауға тиіс”. Қаржы сарапшыларының пікірі бойынша, бұл нәтиже - шетелдік инвесторлардың кешегі Совет Одағының көпшілікке бейтаныс республикаларынан әлдеқайда мол пайда көздерін іздестіріп жатқанын аңғартады. Осы жағынан келгенде бұрынғы совет республикалары әлдеқайда “қыңыр мінезді” инвестициялық әріптес болып көрінетін Ресейден басып озады. Қазақстан сынды бұрынғы совет республикаларының болашағы әлдеқайда жарқын болып көрінеді.
“Мен олардың мүмкіндігі, Ресейдің ахуалына қарамастан, неғұрлым жақсы көрінеді деп ойлайтын едім”, -деп мәлімдейді Мэтью Максуэлл-Скотт (Matthew Maxwell-Scott). Максуэлл-Скотт – бизнес бақылаушылары мен кәсіпкерлердің форумы болып табылатын Ұлы Британиядағы өнеркәсіп саласы Конфедерациясының ТМД елдерінің нарықтары бойынша маманы. Оның атап көрсетуінше, Мәскеудің Сахалин аралындағы ірі мұнай-газ көзін игеру жобасына қатысатын Голландияның патшалық Шелл (Shell) және басқа да шетел компанияларымен арадағы келісімнің өнімді бөлісу жөніндегі шарттарын қайта қарамақ әрекеті Ресей компанияларына деген сенімді жоғалтты. Кремльдің бұрынғы “ЮКОС” мұнай компаниясын бөлшектеп сатуы, -деп мәлімдеді Максуэлл-Скотт, -“РосНефть” компаниясының Лондон биржасында ІРО науқанын өткізуіне біршама бөгет болды. Кремль “ЮКОС” компаниясының қожайыны Михаил Ходорковскийді “салық төлеуден жалтарды” деген айыппен түрмеге жапты. “ЮКОС” өкілдерінің пікірінше, бұл айыптың “саяси астары” болды. Максуэлл-Скоттың сөзіне қарағанда, Ресейдің абырой-беделі “ЮКОС ісінен” кейін әлі оңалған жоқ. Ал “Сахалин жобасынан” туған қазіргі жанжал, - деп мәлімдейді Мэтью Максуэлл-Скотт, - Кремльге “ЮКОС ісінің” әлі сабақ болмағанын аңғартады.
Мұндай құбылыс - Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) өзге елдерінен мүмкіндік іздеген инвесторларға “қоңырау болды” деген пікірмен өзге сарапшылар да келіседі. Сондай сарапшылардың бірі - кеңсесі Вашингтонда орналасқан Ғалымдық кеңес беру компаниясының Ресей мен ТМД нарықтары бойынша маманы Чарльз Мовит (Charles Movit). Оның сөзіне қарағанда, “Сахалин жанжалы” – инвестициялар Ресейден теріс айналып, оның көршілеріне қарай бет бұрады дегенді білдіреді.
“Бұл - әрине инвесторлардың Ресейге деген сенімін төмендетеді. Егер Сіздің мүддеңіз әлемнің сол бұрышына ауған болса, онда мен басқа аймақтарға, сол аймақтың өзге елдеріне деген қызығушылық туғызады ғой деп болжаймын”, - деп ой бөліседі Ч.Мовит.
Бірақ, сонымен бірге, бұл - осы күзде Ресей компаниялары ІРО науқанын өткізбейді деген сөз емес. Алдағы апталарда, алдағы айларда өз акцияларын орналастыруды жоспарлаған Ресей компаниялары мен фирмаларының ішінен № 1-інші және 2-нші болып “РусАл” және “СуАл” алюминий компаниялары тұр. Оның алдында екі компания бір-бірімен қосылуды жоспарлап отыр.
Қазақстанның жеке меншіктегі “Казкоммерцбанк” коммерциялық банкі және табиғат ресурстарын игеруші “ENRC Kazakhstan Holding BV” корпорациясы да Лондонның Қор биржасына өз акцияларын орналастырмақшы. Ал ТМД-ның табиғат ресурстарына бай басқа елдеріне келетін болсақ, Чарльз Мовиттің пікірінше, ол елдерде болашақ инвесторлардың мүддесін қызықтыратын ресурстар көп. Барлық мәселе, деп ескертеді Мовит, ол ресурстарға қалай қол жеткізуге болады және сауданың қаншалықты ашық болуына келіп тіреледі.