Бизнес әлемінде өз тұтынушыларының талап-тілегіне сай өнім шығара білген компанияның жолы кең. Осы күндері темекі бизнесінде өзінің тұтынушыларын денсаулықтарына еш зиян тигізбей темекі тарта беруіне болады деп сендіріп келген компанияларға дәрігерлер қатаң ескерту жасады. Бұл, әрине, ауыр ескерту. Алайда, өткен 30 жыл ішінде темекі компаниялары тұтынушыларға денсаулыққа онша зияны жоқ “жеңіл” немесе “лайт” (“light”) сигареттерін ұсынып келді. Бірақ ендігі жерде мұндай стратегия тығырыққа тірелді. Американың федералдық соты “жеңіл” темекіні зияны көп “ащы” сигареттің “баламасы” деп сендіріп келген темекі компаниялары өздерінің тұтынушыларын қасақана адастырды” деген қаулы қабылдады. Енді “жеңіл” темекі сатып алған кез-келген адам өтем-ақы талап етіп сотқа арыздана алады.
Темекі компаниялары өзінің денсаулығына алаңдайтын, бірақ темекіні тастағысы келмеген адамдар үшін “жеңіл” сигареттерді 1970-інші жылдардың басынан бері қарай шығара бастады. Ерлердің әлдеқайда “ащы” темекісіне қарағанда “жеңіл” сигареттер, көбіне, сыртқы пішіні әсіресе әйелдер үшін өте тартымды және жіңішке болатын. Бірақ Америка Құрама Штаттарының Федералдық соты маркетингтің осы “жеңіл сигарет” стратегиясына қатты шүйлікті. Өткен аптада, яғни 25-інші қыркүйекте, Нью-Йорктегі сот темекі компаниялары “жеңіл сигареттерін” үйреншікті “ащы” темекінің әлдеқайда зиянсыз баламасы ретінде насихаттап, өзінің тұтынушыларын қасақана адастырды деген қаулы шығарды. Қаулыға сәйкес, денсаулыққа “жеңіл” темекіден келетін зиянның “ащы” темекіден еш кем еместігін темекі компанияларының ішкі құжат-қағаздары дәлелдеген және оны темекі компанияларының өздері жақсы білген. Міне Федералдық соттың бұл қаулысы Американың темекі компанияларына қарсы “топтық арыз-шағымдардың” қаптап түсуіне кең жол ашты. Мұндай жағдайда әлгіндей темекінің саудаға осыдан 30 жыл бұрын түскенін ескеретін болсақ, онда “жеңіл темекіні” сатып алған кез-келген адам сотқа арыздана алады. Арызданушылардың қатары 60 миллионға баруы да әбден мүмкін. Сонымен қатар, егер қазылар соты арызданушылардың “темекі компаниялары қораптың сыртына “жеңіл”, яғни “light” деп жазып, өз өнімінің денсаулық пен өмірге қатерлі табиғатын жасырды” деген заңдық уәжімен келісетін болса, онда АҚШ-тың санаулы темекі компаниясы 100-деген млрд. доллар өтемақы төлеп, шығынға белшесінен батуы әбден мүмкін деген сөз.
Өз кезегінде темекі компаниялары Федералдық соттың әлгі қаулысын даулайтындарын мәлімдеді. Өйткені, мұндай қаулы бүкіл дүние жүзінде миллиондаған акционері бар темекі өнеркәсібінің тамырына балта шабуы мүмкін.
Іскерлік әлемінің маңызды сәттерімен таныстыруымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Ресей топ-менеджерлердің жаңа ұрпағын тәрбиелеу үшін 2009-ыншы жылға қарай биік мәртебелі бизнес-мектебін ашуды жоспарлап отыр. Өткен айдың соңында президент Владимир Путин Менеджменттің немесе Басқарудың Сколково-Мәскеу (Тhe Skolkovo-Moscow School) мектебінің іргетасын қалады. Құрылтайшылар бұл мектепті Америка Құрама Штаттарындағы Гарвард бизнес-мектебінің (университетінің) және Франциядағы INSEAD университенінің Ресейдегі баламасы деп атайды. Осы жобаның авторы болып табылатын инвестициялық банкир Рубен Варданяның (Ruben Vardanyan) атап көрсетуінше, бұл мектеп Ресейдің білгір де іскер менеджерлерге деген үлкен мұқтаждығын біршама қанағаттандыра алады. 1970-інші жылдардағы АҚШ-тың жағдайымен салыстырғанның өзінде де бүгін әрбір 100 мың Ресей азаматының үшеуінде ғана МВА немесе “бизнес басқармасының шебері” (a Master of Business Administration - MBA) деген дипломы бар. Мәскеудегі “Никитский Қорының” менеждері Эрик Краустың (Eric Kraus) мәлімдеуінше, білімді менеджерлердің жетіспеуі Ресей фирмалары үшін зор проблема болып отыр.
“Совет Одағында коммерциялық білім беру деген атымен болған емес. Әдетте орыстардың сараптау және есептеу қабылеті өте жоғары. Және олардың дамыған фирмаларда жұмыс істеген тәжірибесі шектеулі. Осы күнге дейін “МВА” немесе “Бизнес басқармасының шебері” деген білім алғысы келген кімде-кім болсын, шетелге кетуге мәжбүр болатын. Ондай адамдарға осындай мүмкіндік жасау - Ресей үшін өте тиімді екені анық”, -деп атап көрсетеді Эрик Краус.
Мәскеуде орналасқан “Тройка-Диалог” атты брокерлік фирманың 38 жастағы қожайыны Рубен Варданян Сколково-Мәскеу менеджмент мектебінің президенті болады. Роман Абрамович, болат магнаты Алексей Мордашов сынды Ресейдің маңдайалды іскерлері 300 млн. долларды құрайтын осы жобаны қаржыландыруға келісімдерін берді. 14 демеушінің ішінде Үндістанның инвестициялық “Sun Group” компаниясы және ағылшындар мен орыстардың бірлескен TNK-BP мұнай корпорациясы бар. Осы жобаны қаржыландырушы кәсіпкерлердің кейбірі алғашқы студенттерін 2009-ншы жылы қабылдайтын бизнес-мектебінде сабақ беруге тиіс. Құрылтайшылардың айтуынша, бизнес-мектебі жаңа ашылған Қытай, Үндістан және Бразилия сынды нарық кеңістіктерінен де талапкер қабылдауға жайын. Өз кезегінде “студент алмасу бағдарламасы” бойынша орыс студенттері осы елдерде 6 айлық тәжірибеден өте алатын болады. МВА бағдарламасының 18 айлық оқуы арзан емес – 50 мың доллар тұрады – бірақ бизнес-мектебі “Білім қорынан” қаржылай көмек беруге дайын.