Сенбілік баспасөз Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашинтгонға сапары барысында АҚШ конгресмені Қазақстан басшысын Нобель сыйлығына ұсынғандығы туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар қазақ-өзбек шекарасында тағы да оқ атылғандығына мән берсе, газеттердің бірінде Қарағанды шахтасындағы өртке кінәлі адамдар анықталғандығы туралы жазылған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы екінші мәрте Нобель сыйлығына ұсынылып отырғандығы туралы мақала «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде басылыпты. «Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы сапары барысында АҚШ конгресмені Эни Фалеомаваега Қазақстан басшысы бейбітшілік үшін сіңірген еңбегі үшін Нобель сыйлығына лайық екендігін айтқан. Осы мазмұндас мәлімдеме биылдыққа екінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде Пәкістанның Ислам Университетінің Президенті Махмуд Ахмад Гази осындай ұсынысын білдірген еді» делінген «Комсомольская правда: Казахстан» газетіндегі мақалада.
«Экспресс К» газеті болса Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда АҚШ-тың энергетика министрі Самуэл Бодманмен кездесуінде Каспий арқылы өтетін газ құбырының құрылысы туралы әңгімелескендігіне мән беріпті. «Бұл құбыр Қазақстандағы Теңіз кенішінен басталып Түркіменстан – Грузия-Түркия арқылы салынуы тиіс. Ал АҚШ-тың сауда министрі Карлос Гутиерреспен болған кездесуде америка инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту мәселесі қаралыпты» деп жазды «Экспресс К» газеті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында қазақстан-америка бірлескен мәлімдемесі қабылданғандығы «Казахстанская правда» газетінде айтылыпты. Құжатта демократиялық институттарды дамыту - ұзақ мерзімді тұрақтылықтың басты кепілі екендігі қамтылған. АҚШ президенті Джордж Буштың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі сөз болған. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әрқашанда АҚШ-тың досы екендігін атап көрсетті» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
Қазақстан және АҚШ президенттері Ақ үйде достық лебізімен алмасып жатқанда қазақ-өзбек шекарасында тағы да оқ атылғандығы «Айқын» газетінде айтылыпты. «Қыркүйектің 29-ы күні Қазақстан мен Өзбекстан шекарашыларының арасындағы қақтығыс кезінде оқ атылып, Өзбекстаннан әпкесінің үйіне қонаққа келген 19 жасар қыз аяғынан жараланды» делінген мақалада. «Қазақстан жағына қарай оқ атқан өзбек шекарашыларының бірі тұтқынға алынған. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі берген ақпаратқа қарағанда, Төңкеріс ауылының аумағына Өзбекстан Республикасының қару асынған шекарашылары заңсыз кіріп кеткен. Қазақстан жерінде жүрген қарулы топты тоқтатпақ болған қазақстандық шекарашылардың уысынан екі өзбек шекарашысы сытылып шығып, біреуі қолға түскен. Қашып құтылған екі өзбек жауынгері қазақстандық шекара учаскесіне қарай оқ атқан. Қаңғыған оқтың біреуі шекарадан жүз метрдей жердегі үйдің ауласындағы өзбекстандық қыздың аяғына тиген» деп жазды «Айқын» газеті.
Шекарашылардың атысы Өзбекстан аумағында болғандығына «Литер» газеті мән беріпті. «Оқ атқан адам Өзбекстан аумағында, ал жараланған өзбек қызы Қазақстан аумағында тұрған. Әзірге бұл іс бойынша қылмыстық істің қозғалар-қозғалмасы белгісіз болып тұр» делінген мақалада.
Қазіргі таңда оқиға орнына шұғыл-іздестіру тобы жеткізілгендігі «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде жазылыпты. «Оңтүстік Қазақстан облысы шекара қызметінің хабарлауынша, болған оқиғаға қарамастан қазақ-өзбек шекарасындағы жағдай бірқалыпты» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта Қарағанды шахталарының бірінен шыққан өртке кінәнілер анықталғандығы «Айқын» газетінде жазылыпты. «Қрыкүйектің 29-күні Қарағанды шахтасынағы апат себептерін анықтау үшін құрылған Үкіметтік комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссия құрамындағы қырық сегіз тексеруші отыз бес адамнан жауап алып, оқиғаның себеп-салдарының нақты ретін жасап шығарған. Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Шалбай Құлмахановтың айтуынша, өз міндеттерін толық атқармаған «Миттал Стил Теміртау» акционерлік қоғамының бас директоры Навал Кишоре Чаудхари, Көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презент бастаған, соңы қаза тапқан шахтерлер де бар, жиырма шақты адам жауапкершілік арқалайды» деп жазды «Айқын» газеті.