Жұма күні жарық көрген газеттердің бірінде Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты сотта айыпты деп танылған Рустам Ибрагимовтың өлім жазасын жеңілтетуін сұрап Президентке жазған хаты басылыпты. Сонымен бірге басылымдар Шахтинске қаласындағы оқиғадан 41 адам қайтыс болғандығы туралы жазыпты.
Алматы облыстық соттың шешімімен Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін өлтіруге қатысқан деген айыппен өлім жазасына кесілген Рустам Ибрагимовтың Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хаты «Деловая неделья» газетінде басылыпты. Бұл хатта Рустам Ибрагимов мемлекет басшысынан кешірім өтінуін сұрап, ату жазасын жеңілдетуін өтінген. Сонымен бірге Рустам Ибрагимов хатының соңында бұл оқиғаның анық-қанығы ашылатын күн туарына, сол уақыттың куәсі боларына сенім білдірген. «Бұл хатты «Деловая неделья» газетінің редакциясына Рустам Ибрагимовтың адвокаты Өстеміров мырза тапсырған» делінген мақалада.
Сондай-ақ, «Деловая неделья» газетінде Президенттің атына жолданған тағы бір хат басылыпты. Хаттың авторлары АҚШ сотымен өмір бойына бас бостандығынан айрылып, америка түрмелерінің бірінде жатқан Қазақстан азаматы Әсел Әбдіғаппароваға араша түсуін Президенттен өтіне сұраған. «Біз Сізден АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуіңізде осы мәселені қозғауыңызды сұраймыз» делінген «Деловая неделья» газетінде жарық көрген хатта.
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары қыркүйектің 26-күні басталатындығы «Central Asia Monitor» газетінде айтылыпты. «Бұл кездесуге дайындық аса тыңғылықты жүргізілді» делінген мақалада. «2005 жылдың қазанынан бастап АҚШ-тың мемлкеттік хатшысы, вице-президенті, Мемлекеттік департаменттің бірқатар жоғарғы лауазымды өкілдері және АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстанда болып қайтты. Астана бұл кездесуде АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мақсатын көздеп отыр. Қазіргі күні АҚШ Қазақстан экономикасының басты инвесторы атанып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буштың Вашингтондағы кездесуі Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуы мүмкін» деп жазды «Central Asia Monitor» газеті.
Бұл уақытта Шахтинск қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың саны 41-ге жеткендігі «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде айтылыпты. «Қыркүйектің 21-күні құтқарушылар шахтадағы соңғы шахтердің денесін алып шықты» делінген мақалада. «Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің маманы Ғалым Байекеновтың айтуынша, шахталдағы өрттен зартап шеккен бірнеше адам ауруханада жатыр, біреусінің қалі ауыр. Шахтадағы құтқару жұмыстары тоқталған. Қазір онда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Ленин шахтасында болған апатқа орай, Қарағанды халқы қыркүйектің 22-күні аза күнін жариялап, қаза болған шахтерлер рухына аза тұтып жатқандығы «Айқын» газетінде жазылды. «Шахтаның 620 метрлік тереңдігіндегі 306 д-10 конвейерлік бремсбергі тұсында метан газының кенеттен лықсып кеңістікке шығуы нәтижесінде болған жарылыс жалпы ұзындығы бес шақырым аумақты қамтыған. Апатта қаза болғандардың дені осы тұстан табылған. Шахтаның жалпы ұзындығы 98 шақырымды алып жатыр екен. Жарылыс болған бетте шахтаның осы бөлігінде жарықтандыру, электр энергиясымен қамту құрылғылары істен шығып қалған. "Миттал Стил Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презенттің айтуынша, өрттің шығу салдарын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Облыс әкімінің өкімімен бұл күні аймақтағы барша елді мекендердегі көңіл көтеру орындары іс-шаралардың баршасын кейінге шегеріп, концерттік не басқа да көпшілік шаралар тоқтатылды» деп жазды «Айқын» газеті.
Шахтинскідегі оқиғаға байланысты прокуратура тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруда қауіпсіздік ережесі бұзылғаны үшін қылмыстық іс қозғаға туралы «Известия: Казахстан» газетінде айтылыпты. «Өрттен зардап жеккендердің туған-туыстарына жарты миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Сонымен бірге оларға сақтандыру қаржысы төленеді. «Миттал Стил Теміртау» компаниясының бас менеджері Малай Мукхерджидің айтуынша, зардап шеккендердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсетілу мүмкін. Арнайы комиссия шахтадан шыққан өрттің себебін қыркүйектің 29-на дейін анықтауы тиіс» делінген «Известия: Казахстан» газетінің мақаласында.