Қыркүйектің 20-күні Алматы қалалық Түріксіб аудандық соты заңсыз салынан үйлерді бұзуда сот орындаушыларға қарсылық көрсеткені үшін Бақай ауылының екі азаматын екі жылға соттады. Сотталушылардың туған-туысқандары шығарылған шешімнің тым қатал екендігін айтса, бақайлықтардың жақтаушысы қалалық сотқа шағым түсіретіндігін мәлімдеді.
Түріксіб аудандық соты Бақай тұрғындары Ілияс Томпақов пен Нұрқат Мұқажановтарға қатысты үш аптаға созылған сот процесінді аталған екі азаматты айыпты деп тауып, Қылмыс кодексінің 321-бабы бойынша билік өкілдеріне қарсылық көрсеткені үшін екеуін де 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы, Қылмыс Кодексінің 362-бабы бойынша сот шешімін орындамағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әрқайсысына 103 мың теңге айыппұл салу жөнінде шешім шығарды. Ал бұған дейін прокурор байқайдың екі тұрғынын Қылмыс кодексінің 321-бабының 2-бөлімі бойынша билік өкілдеріне күш көрсеткен деп айыптап, оларды 6 жылға бас бостандығынан айыруын сұраған болатын. Алайда сотқа төрағалық еткен Тоттыбаев мырза жәбір көруші полицейлердің сотталушыларды кешіргендігін, полицейлер ешқандай зардап шекпегендігін есепке ала отырып, Томпақов пен Мұқажанов билік өкілдеріне күш қолданбаған деген қорытынды жасалғандығын айтты. Осы тұрғыдан алғанда жақтаушы Кәрім Жұмағалиев соттың бұл қорытындысына келісетіндігін, бірақ 321-баптың 1-бөлімі бойынша шығарылған шешіммен келіспейтіндігі алға тартты.
- Біз енді қалалық сотқа шағым түсіреміз. Одан нәтиже шықпаса Жоғарғы сотқа дейін шағымданамыз, - деді адвокат.
Томпақов пен Мұқажановтардың туған-туысқандары да бұрын істі болмаған балалардың қатаң жазалануына қатты қаймығып отыр.
- Сотталғандар бұған дейін істі болмаған қыршындай жас балалар ғой. Жәбірленушілер бұларды кешіріп отыр. Соған қарамастан балаларды екі жылға бас бостандығынан айырған сот шешімін әділетсіз деп санаймын. Ал Ілияс Томпақовтың әжесі осы балалар түрмеге түсер деп қаймығып, осыдан үш күн бұрын қайтыс болып кетті. Бұл қайғыдан бала хабарсыз, - деді сотталушылардың жақын ағайыны болып келетін Бақтыбай Мұқаев.
Осы істі бақылап отырған қоғамдық ұйым өкілдері де соттың шешімі қатаң екендігін айтып отыр. «Өз баспаналарының шатырына шығып алғаны үшін түрмеге жабылған жағдайды бұрын естімеппін», - дейді «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитетінің төрағасы Дос Көшім.
- Бұл биліктің Шаңырақтағы оқиғаға қатысты соттың қарсаңында адамдардың бойын үйрете беру үшін, сабақ ретінде берілген жазасы деп ойлаймын. Өзінің үйінің төбесіне шыққаны үшін екі жылға сотталу деген нәрсе миыма кірмейді, - деді Дос Көшім.
Биылғы жылғы мамырдың 12-күні Бақайдағы сот шешімімен заңсыз соғылған үйдің шатырына шығып алған Томпақов пен Мұқажановты полиция күшпен түсірген болатын. Сотқа жәбір көруші ретінде қатысқан полиция өкілдері сот барысында өздерінің ешқандай жарақат алмағандығын айтып, айыпталушыларға кешірім берген еді.