Ашхабаттан келіп түскен хабарға қарағанда, “Азаттық” Радиосының Түркіменстандағы тілшісі Огулсапар Мұрадова түрмеде жазасын өтеп жатқан кезінде қаза болды. Оның жасы 60-қа жақындаған болатын. Түркіманстан астанасындағы мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі өкілдері болса Огулсапар Мұрадова жасы келіп қайтыс болды деп м2л3мдеп отыр. Алайда, адам құқын қорғаушылар мен марқұмның жақын туыстары ол түрмеде кісі қолынан мерт болса керек деп санайды. Огулсапар Мұрадова түрмеде, Батыстың адам құқын қорғайтын ұйымдарының есептеуінше, нақақ айып бойынша 6 жылдық жазасын өтеп жатқан болатын.
“Азаттық” Радиосының Түркімен редакциясына берген сұхбатында марқұм Мұрадованың жақын туыстары хабарлағандай, оның қазасы туралы Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің шенеунектері бүгін – бейсенбі күні – хабарлайды. Жеке басының амандығын ойлап, өзінің аты-жөнін атамаған Огулсапар Мұрадованың бір туысы хабарлағандай, 14-інші қыркүйек күні қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері Огулсапардың пәтеріне келіп, оның балаларын белгісіз жаққа алып кетеді. Көп ұзамай мәлім болғандай, оларды мәйітханаға алып барып, анасы – Огулсапардың мәйітін балаларына көрсетпей, оның қайтыс болғаны туралы куәлікке қол қоюын талап етеді. Бірақ олар қол қоймай, бас тартады. Оның ізінше Түркіменстанның қуғында жүрген “Хельсинки қоры” өкілдерінің “Азаттық” Радиосына хабарлағанындай, кейінірек Огулсапардың балалары мәйітханаға қайтып оралып, оның мәйітін өз көздерімен көреді. “Хельсинки қоры” өкілдеріне марқұмның мойнынан тұншықтырудан пайда болатын көгерген дақты және маңдайынан балтамен шапқандай “үлкен жарақатты” байқағандарын мәлімдейді. Түркіменстанның “Хельсинки қоры” Огулсапар Мұрадованың қазасын “саяси кісі өлтіру” деп бағалайды. Огулсапардың қашан және қандай жағдайда қайтыс болғаны беймәлім. Оған қоса оның қандай түрмеде отырғаны тағы жұмбақ.
“Азаттық” Радиосының Түркімен редакциясына берген сұхбатында Огулсапардың бір туысы хабарлағандай, қауіпсіздік министрлігінің мәйітханаға келген қызметкерлері оның жақындарын “Мұрадова қартайып өлді” дегенге сендіруге тырысып, оның басқадай себептен қаза болғанын үзілді-кесілді жоққа шығармақ болған. Сонымен қатар олар Огулсапардың тұтқындалуы мен түрмеге жабылуына өздерінің еш қатысы жоқтығын айтып, оның жақындарына Ұлттық қауіпсіздік министрлігін “айыптамауға тиіссіңдер” деп мәлімдеген.
Түркіменстанның “Хельсинки қорының” төрайымы Тәжігүл Бегмедова Огулсапар Мұрадованың тұтқындалуынан кейінгі сезімдерін былай деп сипаттады.
“Ол - денсаулығы ғажайып әйел болатын. Оның денсаулығына байланысты ешқандай проблемасы болған емес. Тек тұтқындалғаннан кейін ғана ол, неге екені белгісіз, дәрі-дәрмек әкелуімізді сұрайтын болды. Сол кезде-ақ біз бұл оғаш нәрсе деп айта бастадық: неліктен денсаулығы жақсы адамның денсаулығы сыр бере бастады? Ал енді ол қайтыс болыпты!? Яғни, егер ресми билік оны денсаулығынан көз жұмды десе, онысы барып тұрған өтірік”.
Сонымен қатар Тәжігүл Бегмедова Огулсапар Мұрадованың мәйітханаға барып қайтқан балаларымен арада болған әңгімесін айтып берді.
“Балалар тәуелсіз дәрігердің куәландыруына рұқсат беруін сұрағанда, мәйітхананың қызметкерлері оларды қорқыта бастады”, - деп марқұм әйелдің мәйітханада болып қайтқан балаларының бастан кешкені туралы әңгімесін жеткізді.
Марқұм әйелдің туыстарының әңгімесіне қарағанда, Ашхабадтағы АҚШ елшілігінің 2 өкілі Огулсапардың мәйітін көрсетуді өтінеді. Бірақ мәйітхананың қызметкерлері оған рұқсат бермейді. Әзірше елшіліктің ресми өкілдерімен дереу байланысатын мүмкіндік болмады. Марқұм Огулсапар Мұрадова – адам құқын қорғайтын тағы бірқатар белсендісімен бірге маусым айының орта тұсында ұсталды. Ресми билік олардың нендей себеппен тұтқындалғанын түсіндірмеді. Кейінірек Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрі Гелдімұхаммед Әшірмұхаммедов ұсталғандардың бірі – Аннақұрбан Аманқылышевті - президент Сапармұрад Ниязовтың билігін құлатуды көздеген қастандыққа қатысты деп айыптады. 25-інші маусым күні Огулсапар Мұрадова мен Аннақұрбан Аманқылышев және Сапардұрды Хаджиев – үшеуі де - “заңсыз оқ-дәрі ұстады” деген айып бойынша 7 жылдық мерзімге түрмеге жабылды. Адам құқын қорғайтын ұйымдар бұл айыпты “ойдан құрастырылған” деп, ал олардың ісін қараған сот процесін - әділ сотты “мазақтау” деп бағалады.