Сейсенбілік баспасөз Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне баса назар аударыпты. Сонымен бірге басылымдар Қазақстанда жаңа партияның пайда болуын оппозицияның одан әрі ыдырауы ретінде бағаласа, тағы бір газетте марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күніне орай саясаткердің соңғы сұхбатын басылыпты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақырылған бірқатар дін өкілдерінің съезд қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескендігі туралы «Егемен Қазақстан» газетінде баяндалыпты. Үндістанның “Джамаат-е-Шабаб-е-Ислам” атты мұсылман ұйымының президенті Салман әл-Хусейн әл-Надвимен Президентпен кездесуінен кейін бұл съезден өркениетті үнқатысу мен толық түсіністікті күтетіндігін айтса, бүкіл дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Абдалла бен Абдель Мухсин әл-Түркиді Астанада Н. Назарбаевпен кездесуінде жер бетінде бейбітшілікті сақтау жолдары туралы әңгіме болғандығын айтқан. Ал Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Ким Вон Ки мырза Корея Республикасының Президенті Но Му Хеннің Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Кореяға шақырған ресми сәлемін табыс етті. Президенттің қабылдауында болған ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацуура болса бұл форум Қазақстан мен Орталық Азия ғана емес, бүкіл әлемдегі этносаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту үдерісінде игі шара екендігін атап көрсетіпті» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік діндер съезі барысында тағы 30 делегация басшысымен кездесетіндігіне «Айқын» газеті мән беріпті. Сонымен бірге мақалада дін өкілдерінің діни кеңеске саясаткерлердің де тартылуын қостап отырғандығы жазылған. Олар қазіргі әлем бойынша діни мотивті желеу еткен соғыс, қақтығыстардың барлығының да дінді саясатқа айналдырып, жеке мүдде-есептеріне пайдалануға ұмтылған саясатшылардың кесірінен туындап жатқанын айыптады. «Ол керісінше болса, яғни саясат шын иманды діндарлардың қолымен жүргізілсе, әлемде сонда ғана бейбітшілік үстемдік құрған болар еді»,– деген пікірін Шантилал Карамши Сомайя білдірген» деп жазды «Айқын» газеті.
Астанаға жиналған қонақтар әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің үшінші съезі Қазақстанда өтуін қалайтындығы «ЭкспрессК» газетінде айтылыпты. 2003 жылы дін өкілдері форумына 17 мемлекеттен жиналған болса, бұл жолы 29 мемлекеттен 43 делегация келген. Ал съезге әлемнің елу елінен 350-ден астам журналист жиналыпты» делінген «ЭкспрессК» газетіндегі мақалада.
Астана қаласына дін өкілдері жиналып жатқан сәтте Алматы қаласы саяси съездердің ортасына айналды. Өткен жексенбі күні Жармақан Тұяқбай бастаған «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» және «Алға» қозғалысы өздерінің съездерін өткізгендігі «Айқын» газетінде былайша баяндалыпты: «Бүгінде «Нағыз Ақ жол», «Алға» және Әлихан Бәйменовтың «Ақ жолын» қосқанда оппозициялық партиялардың саны үшке жетіп отырғанда, тағы да бір бағыттағыларды жинайтын «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» неге керек? Оппозициядағылардың жиналып тағы да бір партия құруының өзі олардың арасында алшақтықтың барын көрсетіп отыр,– дейді «Қазақстан патриоттар партиясының» Алматы қалалық бөлімшесі төрағасы Есмұхан Шынтегі. Саясаттанушы Дос Көшім президенттік сайлаудан кейін оппозицияның нақты жоспарын көрмегендігін айтыпты. «Бір қызығы, жексенбі күні Жармахан Тұяқбайдың «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» мен Асылбек Қожахметовтың «Алға» партиясының құрылтай съезі қатар өткен. Мұны оппозицияның одан ары ыдырауы деп түсіну керек» делінген «Айқын» газетіндегі мақалада.
Жармақан Тұяқбай құрып жатқан партияның артында қандай күштер тұр деген сұраққа «Жас Алаш» газеті жауап іздепті. Жармақан Тұяқбайдың өзі болса, партияның негізгі тірегі қоғамның орта буын өкілдері екенін және мұхиттың арғы жағында жүрген Әкежан Қажыгелдин бұл партияға мүше болуға тілек білдірсе, оған есік ашық екендігін айтқан. Жаңа партияның құрылуы белгілі бір дәрежеде оппозициялық күштерді әлсірететіндігін жоққа шығаруға болмайтын секілді. Өйткені, Асылбек Қожахметовтың «Алға» партиясының құрылтайы да социал-демократтардың құрылтайымен бір күні, бір мезгілде қабаттас өтті. Бұл екі партияның бағдарламасында да, көтерген ұрандарында да айтарлықтай айырмашылық жоқ» деп жазды «Жас Алаш».
Аталған газетте сонымен бірге марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлыныңтуған күніне орай соңғы сұхбаты басылыпты. Осы жылғы ақпанның 11 күні Алтынбек Сәрсенбайұлы оқырмандардың сұрақтарына жауап беру үшін «Жас Алаш» газетінің редакциясына соғыпты. Алтекең әңгімесін сайлау тақырыбынан бастап, ауылдағы қазақтың жағдайын жақсартудың басты жолы – оны бәсекеге қабілетті ұлт дәрежесіне көтеру екендігін айтқан. Бір қызығы, ол кезде қазіргі «бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру» деген бастама көтерілмей тұрған» делінген «Жас Алаш» газетінде басылған мақалада.