Бейсенбілік баспасөз Алматыда француз журналисін өлтірген деген күдіктілер ұсталғаны туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар келесі жылдан бастап алқа соты жұмысқа кірісетіндігіне мән берсе, тағы бір газетте ВИЧ инфекциясының жаппай таралу оқиғасына депутаттар алаңдаулы екендігі баяндалыпты.
«Форейн Аффейрс» халықаралық журналының журналисі Грегуар Де Бургтың өліміне қатысты қылмыс ашылғаны туралы мақала «Литер» газетінде жарық көріпті. Онда Алматы полициясының француз журналисіне қастандық жасаған деген күдікпен екі адамды қамауға алғандығы жазылған. 25 жастағы журналистің мәйіті осы жылғы тамыздың 2-күні Алматыдағы пәтерінде табылған болатын. «Арнайы сараптаманың негізінде қылмыскерлер зардап шеккен азаматтың үйінен ақшамен қоса бағалы заттарды алып кеткені анықталған. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ұсталған күдіктілер өздерінің кінәсін мойындаған. Сонымен бірге полиция қылмысты жасағандар үшеу екендігін анықтапты. Қазір полиция үшінші күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр» деп жазды «Литер» газеті.
Ал «Время» газетінде марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының зайыбы Салтанат Атушеваның Талдықорғандағы сот үкіміне қатысты сұхбаты басылыпты. «Осы жылғы қыркүйектің 12-күні Алтынбек Сәрсенбайұлы 44 жасқа толатын еді» делінген мақалада. Салтанат Атушева ақпандағы қылмыстық оқиғаға көптеген адамдардың қатысы болуы мүмкін екендігін айта отырып, ертелі-кеш ақиқат ашылатындығына сенім білдірген. Сонымен бірге Атушева ханым ешқандай партияның құрамына кірмейтіндігін, саясатпен айналысуға құлқы жоқ екендігін «Время» газетіне берген сұхбатында айтыпты.
Келесі жылдан бастап Қазақстанда алқа соты жұмыс істей бастайтындығы «Литер» газетінде баяндалыпты. «Алқа сотына қарапайым халық арасынан 9 адам сайланады. Тағы екі адам қосымша өкіл ретінде белгіленеді. Алқа сотына 25-65 жас аралықтағы тұрғылықты әкімшілік орталықта тіркелген, бұрын сотталмаған азамат мүше бола алады. Сонымен бірге алқа сотының мүшелікке адвокат, прокурор, полиция өкілі мен шенеуніктер қабылданбайды. Қазақстанда мұндай институттың енгізілуінің саяси астары басым» делінген мақалада. Қазақстандағы сот жүйесін реформалау туралы әңгіменің айтылып жүргеніне біраз болды. «Көпшілік алқа сотын енгізу бұл саладағы жаңалықтардың ең биік шыңы деп біледі. Алайда бұл институттың тиімді-тиімсіз тұстарына қатысты пікір-талас әлемде әлі күнге дейін толастамай отыр» деп жазды «Литер» газеті.
Бейсенбілік басылымдар сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ-инфекциясына жаппай шалдығу оқиғасын жіті қадағалап отыр. Аталған облыста қауіпті кеселді жұқтырған балалар саны 40-қа жеткендігіне депутаттар қатты алаңдаулы екендігі «Время» газетінде айтылыпты. «Мәжіліс депутаттары жаңа маусымдағы жұмысына кірісе салысымен балалардың инфекцияға шалдығу жағдайын бірден талқыға салды» делінген мақалада. «Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыс жасалды, деп мәлімдепті Серік Әбдірахманов. Оның әріптесі Ерасыл Әбілқасымов болса биліктің кінәлілерді жазалау жағы жұмсақтау болып отырғанын айтқан. Сонымен бірге депутаттар осы мәселеге байланысты Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың жауап беруін талап етті» деп жазды «Время» газеті.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова ВИЧ инфекциясына қатысты іс аяқталғанша өз орнында қалатындығы туралы мақала «Время» газетінде басылыпты. Бұл туралы облыс әкімі Болат Жылқышиев ақпарат құралдарымен өткізген жиында мәлімдеген. Ал бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев бұл оқиғаға облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы жауапты екендігін айтқан болатын. «Алайда Болат Жылқышиев қудалау шараларына асығудың қажеті жоқтығын жеткізіпті» делінген «Время» газетіндегі мақалада.