Сейсенбілік баспасөз Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Астана ресми сапары туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар Алматыда заңсыз мигранттарды ұстау операциясы жүріп жатқандығына мән берсе, тағы бір газет Шымкенттегі жанар-жағармай дағдарысына тоқталып өтіпті.
Ислам Каримовтың Қазақстанға ресми сапары туралы жазған мақаласында «Егемен Қазақстан» газеті бұл Өзбекстан президентінің Астанаға алғашқы ресми сапары екендігіне мән беріпті. Өзбекстан басшысы Қазақстан тарапынан көрсетілген құрметке алғысын білдіре келіп, екі елдің түрлі салада тығыз байланыстар жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс екендігін айтқан. «Бейбітшілік және келісім сарайындағы ашылу салтанатын екі елдің телеарналары халыққа жеткізуі тиіс деп шешкен Ислам Каримов Қазақстан Президентінен Бейбітшілік және келісім сарайынан түсірілген тележазбаны беруді өтінді. Оған қоса Өзбекстан басшысы Президентке бүгін не сұраса да дайын екендігін білдірді. Ал Қазақстан басшысы әріптесіне “көп емес” деп әзілдеп қойды» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
«Айқын» газеті болса Қазақстанда жүз мың өзбекстандық нәпақа тауып жүргендігін жазыпты. Сонымен бірге газетте Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов Астанадағы кездесулерінде таяу уақытта екі ел әскерлерінің бірлескен жаттығуын өткізуге де сөз байласқандығы жазылды. «Жалпы, осы сапарында Ислам Каримовтың келешектегі өзара ынтымақтастықтың әскери бағытына үлкен үміт арқалап келгендігі айқын байқалды» делінген мақалада. «Әскери құрылыс, әскери-техникалық нығаю мәселесінде Қазақстан көптеген басымдыққа ие. Оларды біз де пайдалануға тиіспіз, деді өзбек президенті. Өзбек делегациясындағы аты-жөні белгісіз қалуын қалаған дереккөзіміз Өзбекстанның қазір қазақтың «KazSAT» ғарыш серігіне қызығушылықпен көз тігіп отырғандығын айтты» делінген «Айқын» газетіндегі мақалада.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті Ислам Каримовтың ресми сапары барысында бірнеше маңызды құжат қабылданатындығына мән беріпті. Атап айтқанда Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, статистика және туризм саласына қатысты құжаттарға қол қояды. «Ал осы кездесудің басты құжаты – Мемлекетаралық үйлестіру кеңесін құру ережелері. Бұл кеңес екі мемлекеттің әріптестігін әрі қарай дамытуға тың серпін беру мақсатында құрылғалы отыр. Статистика комитетінің мәліметі бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы өткен жылғыдан 21 пайызға көтеріліпті. Қазіргі таңда Өзбекстанда қазақстандық инвесторлардың қатысуымен 73 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Бұл уақытта Алматыдағы заңсыз мигранттарды ұстау операциясы басталғаны туралы «Литер» газетінде баяндалыпты. «Еңбек мигранттарын тіркеу туралы заң қабылданғанына қарамастан Алматыда заңсыз еңбек етушілер азаймай отыр» делінген мақалада. Тек алты сағаттың ішінде полиция тіркеу ережелерін бұзған мың жарым адамды ұстаған. Олардың 150-і Өзбекстаннан, соншама адам Қырғызстаннан, 100-ге жуығы Қытай азаматтары болып шықты. Қалғандары жеке куәлігі жоқ Қазақстан азаматтары екендігін айтқан. «Бұған дейін заңсыз еңбекшілер Қазақстан аумағынан шығарылып келген еді. Қазіргі күні еңбек мигранттарын тіркеу акциясы жүріп жатқандықтан ТМД мемлекеттері азаматтарын ел аумағынан шығаруға мораторий енгізілген. Соған байланысты ұсталған азаматтардың бәрі босатылады. Тек олар айыппұл төлеуі тиіс» деп жазды «Литер» газеті.
Ал «Казахстанская правда» газеті мұнай өңдеумен айналысатын Қазақстандағы екі зауыттың бірі орналасқан Шымкент қаласында жанармай дағдарысы орын алғандығына мән беріпті. «Қаладағы қырыққа жуық май құю бекеттері қаңырап бос қалған. Өйткені сататын тауар жоқ. Ал жанармайы бар бекеттерде үзын сонар кезек. Оның үстіне Шымкентте АИ-80 маркалы жанар май бағасы 60 теңгеден асқан. Бекет қожайындары бұл қымбатшылықты жанармай тапшылығымен түсіндіріп отыр. Бұл уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауыты өткен жылға қарағанда 2 миллион баррель артығымен өндірген» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.