Жұма күнгі баспасөз Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің өліміне қатысты Талдықорғандағы сот ісі аяқталғандығы туралы жазыпты: бірқатар басылымдар «басты сұраққа нақты жауап берілді ме?» деген сауалға жауап іздесе, тағы бір газетте жантүршігерлік қылмыстың жаңа құпиялары ашылмай қалмайтындығын айтқан.
Жұмада жарық көрген қазақстандық басылымдардың басым бөлігі Талдықорғанда аяқталған сот ісіне мән беріп өтіпті. «Сонымен екі жарым айға жуық уақытқа созылған сот отырысы барысында марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлымен жеке бас араздығы бар Парламент аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың тапсырмасымен оны таяққа жығуға тиісті Рустам Ибрагимов Сәрсенбайұлын ұрлауды ұйымдастырып қана қоймай, саясаткер мен оның көмекшілерін өлтіргені анықталғандығы белгілі болды» деп жазыпты «Егемен Қазақстан» газеті. «Аталған қылмыстың тікелей себепкері болған Ержан Өтембаев 20 жылға бас еркінен айрылды. Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін ұрлауды ұйымдастырып, өлтіруге тікелей өзі қатысқан және басшылық жасаған Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді» делінген «Егемен Қазақстан» газетінің мақаласында.
Дәл осы мақаланы автор «Айқын» газетіне де жарияласа, Талдықорғандағы сот үкімін төрт сөйлемдік мақалаға шақтаған «Казахстанская правда» газеті облыстық соттың шешіміне шағым түсіруге 15 күн бар екендігін жазыпты.
Ал «Новое поколение» газеті осы тақырыптық мақаласын «Өлім жазасына шақырту» деп атап, соттың қатаң шешімінің, көпшілік болжағандай, прокурордың қорытынды айыптауларынан айырмашылығы аз болғандығын атап көрсетіпті. «Осылайша облыстық сот деңгейінде Қазақстан қоғамын қатты алаңдатқан драма аяқталды. Дегенмен үкімнің қатаң болатындығына ешкім шүбә келтірген жоқ. Және бұл үкім қылмыстық оқиғаны зерттеудің соңғы нүктесі екендігіне сенетіндер шамалы. Іс қосымша тергеуге жіберілетіндігін жоққа шығаруға болмас. Жантүршігерлік оқиғаның жаңа құпиялары ашылмай қалмасы анық» деп жазды «Новое поколение» газеті.
Ал «Панорама» газеті болса бұл процестің келте қайрылғандығын атап өтіпті. Сонымен бірге аталған газет сот үкімінің мемлекеттік айыптаушы прокурор Владимир Кириленконың талабынан біршама айырмашылығы болғандығын жазыпты. «Тек екі ұстаным бойынша сәйкестік бар. Біріншісі Ибрагимовтың жазасына қатысты болса, екіншісі соттың Виталий Мирошниковқа байланысты прокурор талабына келіскендігі. Ал қалған айыпталушыларға айыптаушы сұраған мерзімнен аз уақыт берілді» делінген «Паномара» газетіндегі мақалада.
«Караван» газеті кімнің қандай жазаға кесілгендігін тізе отырып, сотталғандардың ешқайсысы шығарылған үкіммен келіспей отырғандығын жазыпты. Осы тақырыпта сөз қозғаған газеттердің барлығы дерлік өлім жазасына кесілген Рустам Ибрагимовтың Президенттен кешірім өтіне алатындығын атап көрсеткен. Ал «Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса айыптаушының талаптары мен соған сәйкес сот үкімін салыстыруға арналған арнайы таблица түзіпті.
«Zonakz» тәуелсіз интернет сайты Талдықорғанда үкім шығару мерзімі бірнеше мәрте кейінге ысырылғандығына мән беріпті. «Сағат 10-да басталады деп жоспарланып айыпталушы Рустам Ибаргимов, Нұрлан Өстеміров және Серік Сәрсеновтың жақтаушылары келмегендігіне байланысты сағат 11-ге дейін кейінге шегерілсе, үкімді жариялау одан кейін тағы бірнеше уақытқа созылып кетті. Ибрагимовтың жақтаушысы ақыры сот залына келген жоқ. Үкімді жариялау шамамен бес сағатқа созылды. Үкімді айыпталушылардың туған-туыстары мен жақындары қалай қабылдағанын ежіктеп жатудың қажеті шамалы: көз жасын төккендердің арасында есінен танғандары бар, әркімнің атына қарғыс жаудырғандары да кезігіп жатты. Мұны да түсінуге болады. Өйткені сотталғандар олар үшін біреудің баласы, біреудің жары, әкесі немесе бауыры болып қала бермек» делінген «Zonakz» интернет сайтындағы мақалада.