Орта Азия мен Ирандағы және Ауғанстандағы орман-тоғайлардың жойылуы осы аймақтың қоршаған ортасына жаппай кері әсер етуде. Бұл проблема, сонымен қатар, жердің азып-тозып, эрозияға ұшырауына, далалардың шөл мен шөйлейтке айналынуына және соның салдарынан су тасқынын, лай көшкінін туғызып, жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігіне де ықпал етпей қоймайды. Дегенмен де, біздің тілшіміздің хабарлауынша, осы проблеманың алдын-алуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру шаралары қолға алынып жатқанға ұқсайды.
Ауғанстанның шығысында таяуда болған су тасқыны жергілікті халықтың көпшілігін зор апатқа душар етті. Орман-тоғайлардың азаюы мен нөсер жаңбырдан туған су тасқыны баспана-үйлерді, үй жануарларын және егін алқаптарын шайып кетті. БҰҰ-ы Агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 30 адам құрбан болып, мыңдаған халық баспанасыз қалды. 2004-інші жылы Азияның Даму банкінің бағалауы бойынша, орман-тоғайдың ағашы сынды үйреншікті “коммерциялық емес” отын – Ауғанстанның отынға деген барлық сұранысының шамамен 85 пайызын қанағаттандырады екен. Демек ол ағашты жаппай шабуды талап етеді. Қоршаған ортаны қорғаушылар мен басқа да ғалымдардың ортақ пікірінше, орман-тоғайлардың жаппай шабылуын кең ауқымда – оның жергілікті табиғатқа және жан- жануарлар мен өсімдік әлеміне әсер етуі тұрғысынан қарастыру керек.
Көрші Ирандағы жан-жануарлар мен экология ғылымының профессоры Исмаил Каһром (Esmail Kahrom) орман-тоғайдың жойылуы адамзат баласын қалай апатқа душар еткенін байқататын Солтүстік Иранда орны болған бір тарихи оқиғаны мысалға келтірді.
“Иранда негізінен Эльборз өлкесінің ормандары жаппай шабылды. Өткен 30 жылдың ішінде орман-тоғайдың тең жартысы жойылды. Біз орманды отынға шабамыз да, жан-жануарға кесір тигіземіз. Сіз орманды жойғаныңызда, топырағының беті жаңбырдан, күн сәулесінен және желден қорғансыз қалады. Содан кейін топырақ эрозияға ұшырап, одан соң, әрине, шөлге айналады. Нәтижесінде жұрт жұмыс орындарынан, жан-жануардан жұрдай болып, көпшілігі қалаларға ағылады”, - деп сыр шертеді Исмаил Каһром.
Өткен сәуір айының соңы мен мамырдың басында нөсер жаңбыр мен бұршақ құйып, Тәжікстанның оңтүстігінде су тасқыны болып, айнала аяқ баса алмайтын батпаққа айналды. Хатлон облысындағы 3 мың гектардан асатын мақта егісі шайылып, жолдар мен көпірлер бұзылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кеңсесі Душанбеде орналасқан экологиялық қызметкері Саулиус Смалыстың (Saulius Smalys) пікірінше, жердің тозуы – Тәжікстанға төнген ең үлкен қауіп-қатердің бірі болып табылады. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында ол былай деп мәлімдеді:
“Олардың жерінің 7 пайызы ғана жыртуға жарайды және олар оның тең жартысынан айрылды. Сондай-ақ олар жыл сайын шамамен 50 гектар шұрайлы жерін жоғалтады. Жыл сайын халықтың 2 пайызға өсіп отыратынын ескерсеңіз, онда Сіз 10-15 жылдан кейін ешқандай жер телімі жоқ қаншама адамның болатынын елестете аласыз. Тәжікстан – аграрлық ел. Демек жердің жетіспеуі – орасан зор саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемаға айналады деген сөз”.
Міне осы мәселемен шұғылдану үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы үстіміздегі жылдың басында Хатлондағы орманның жоғалуына қарсы күреске қоғамды жұмылдыру науқанын қолға алды. Жоспарлаушылар 9 айлық жоба бойынша 14 ауылда 20 мыңдай ағаш көшеті отырғызылады деп есептеп отыр.
“Азаттық” Радиосына берген сұхбатында көрші Қырғызстанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің өкілі Әбиболла Пазылов елдің Ош облысында ағаш көшеттерін отырғызу шарасының өзін-өзі толық ақтайтынын мәлімдеді.
“Қырғыз үкіметі Өзген мен Қарақұлжа ауданының құлама беттеріне, мыңдаған гектар алқапқа грек жаңғағының ағаш көшеттерін отырғызуға нұсқау берді. Қазір ағаштар өсіп, жаңа орман жердің қыртысын сақтауға және бізге оның жемісін көруге мүмкіндік берді. Енді бұл жерде лай көшкіні азайды”, - деп атап көрсетті Әбиболла Пазылов.
Алайда Исмаил Каһромның пікірінше, ағаштың жаңа көшеттерін отырғызу проблеманы толығымен шешпейді. Оның айтуынша, табиғи орман-тоғайды жою – көбіне жан-жануар мен өсімдік әлемінің жергілікті түрлерін біржола жоғалтуға себеп болады.
“Біз орманды жойғанда, біз экологиялық жүйенің негізін жоғалтамыз және оны қаз-қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Эльброз тауында, мамандардың пікірі бойынша, Еуропа ормандарының атасы болып табылатын орманымыз болды. Демек ол осы жерде мыңдаған жылдан бері тұрған табиғи орман деген сөз. Егер оны жартылай шауып жойсаңыз, біртұтас биологиялық жүйенің өзгеруіне себеп боласыз. 50 жыл бұрын осындай жаппай шауып-жоюдың салдарынан біз Каспий жолбарысынан айрылдық. Осы орманмен тығыз байланысты басқа да жан-жануар мен өсімдік түрі де жоғала бастайды”, - деп ескертеді Исмаил Каһром.
Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысына қарасты Арыстан-баб ауылының тұрғыны Бұрылай Бұсырманқұлованың айтуынша, кеш болмай тұрғында, ресми билік грек жаңғағының бүкіл әлемде теңдесі жоқ орманын қатаң қорғауына алуға тиіс. Оның айтуынша, бұл орманға отын шабушылар ғана емес, жаңғақ ағашының бұтақтарын сатуға кесіп алатын қылмыскерлер де қауіп төндіреді.
“Арыстан-бабтағы грек жаңғағы орманының бүкіл әлемде теңдесі жоқ. Ауасы саф таза, суы тұнық. Бұл табиғат сұлулығы Құдайдың тартуы болса керек. Бірақ біздің жұрттың табиғатқа деген көзқарасы онша жақсы емес, оған, бәлкім, тұрмыс-тіршіліктің қиындықтары себеп болар. Кейбіреулер жаңғақ ағаштарын отынға пайдаанады, кейбірі 100, 150-200 жылдық жаңғақ ағаштарының бұталарын кесіп алып сатады. Ол өте өкінішті-ақ. Үкімет бұл жағдайды мейлінше ертерек қолға алуға тиіс. Олай болмаса, біздің біздің Арыстан-баб орманымызға айтарлықтай қатер төніп тұр”, деп ұлттық үкіметіне үндеу жолдайды ауыл тұрғыны.