Дүниежүзілік жабайы табиғат Қорының жаңа есебіне қарағанда, бай елдер таза ас суды оның сарқылмас көзі бардай ысырапсыз пайдалану үстінде. Алайда алдағы 10-жыллдықта не бай елдер, не кедей мемлекеттер су тапшылығынан құтыла алмайды. Бұл – осы аптадағы ғылым жаңалықтарының бір сәті ғана.
20-26-ншы тамыз аралығын қамтитын осы апта – Судың дүниежүзілік күні. Осы аптада бүкіл әлем мұқтаждық көріп отырған су қоры мәселесін талқылау үшін сарапшылар Стокгольмде бас қосады. Дүниежүзілік жабайы табиғат Қорының жаңа есебіне сәйкес, әлемдегі ең бай елдер су көздерін басқарудан онша жақсы өнеге көрсете алмай отыр. Олар тозығы жеткен су құбыры магистарльдерінен судың сорғалап ағып ысырап болуын қадағаламайды, ауыл-шаруашылығында әлі де болса суаруды талап ететін технологияларды қолданады.
Солтүстік Америка мен Жапония бүкіл әлемдегі суды ең көп пайдаланатын елдердің қатарына жатады - бұл елдерде күніне жан басына 350 литр су жұмсалады. Ал, Еуропада жан басына күніне 200 литр су керек болса, Афиканың Сахара шөлі аумағында жан басына 10-20 литрден-ақ су келеді. Лондон немесе Хюстон сынды қалалар суды оның қоры толмай жатып ысырап етіп үлгереді.
2070-інші жылға қарай Еуропаның Испания, Италия, Бельгия, Голландия, Грекия, Түркия, Болгария, Сербия сынды елдері мен Оңтүстік Ресей судан зор тапшылық көретін елдердің қатарын толықтыруы мүмкін. Су қорларының, су көздерінің тартылуына – ауыл-шаруашылығы мен өндіріс кәсіпорындарының жұмыстарынан жерасты суының ластануы, ғаламдық ауа райының жылынуы салдарынан жаңбыр суының азаюы себеп болады.
Бір елдің суға деген тапшылығы – бүкіл аймақты қамтитын үлкен проблемаға айналуы ықтимал. Жабайы жан-жануарды қорғайтын халықаралық Қор құрамындағы таза су бағдарламасының өкілі Кристофер Уильямстің айтуынша, бүкіл дүние жүзінде бір емес, бірнеше елдің жерінен ағып өтетін 263 (!) өзен бассейні бар. Оның атап көрсетуінше, бір ортақ су бассейнінің төңірегіндегі елдер оның су қорын тең бөлісе алмай, бірі суды тым көп пайдаланып, екіншісі одан мұқтаждық көргені – проблеманы ушықтыра түседі. Уильямстың пікірі бойынша, өзен бассейнін бөліскен елдердің ортақ су көзін тиімді де әділ игеруі немесе басқаруы үшін өзара ынтымақтасқаны - ең дұрыс жол.
Хот-дог дегеніміз - өте жеңіл де қолайлы ас. Егер Сіз көшеден жөні дұрыс сатушыны таба алсаңыз, хот-дог жасатып алып, оны жеуге және ақысын төлеуге 5 минутқа да жетпейтін уақытыңыз кетеді. Алайда хот-дог Сізді аштықтан аз уақытқа ғана құтқарады, көп кешікпей оның тағы бірнешеуін жеуге тиіс боласыз және, әрине, өзіңіздің рак немесе ісік дертіне шалдығу мүмкіндігіңіз арта түседі. АҚШ-тағы Небраска штатының университетіндегі ғалымдардың жаңалығына сәйкес, хот-дог жасауға пайдаланатын консервант қоспасы – натрийдің нитриді – бактериялардың құбылып бұзылуына себеп болатын зиянды қоспаны қалыптастырады екен. Зерттеуші топтың жетекшісі, доктор Сидней Мирвиш: “Нитриді сақталған еті бар тамақ – ісік дертіне шалдығудың факторы”, -деп мәлімдеді.
Бұдан бұрынғы ізденісінде доктор Мирвиш сояның немесе бұршақ тұқымдас өсімдіктің соусын және тұздалған балықты зерттеген көрінеді. Натрийдің нитриді азық-түліктің осы түрлерінен де аңғарылыпты, бірақ соус пен тұздалған балықта хот-догтағыдай тым көп емес екен. Сонымен қатар хот-догты зерттеушілер оның түр-түрінен натрий нитридің не тым көп, не тым аз кездесетінін анықтады. Олар хот-дог түрлерінен ісік ауруын туғызатын химикаттардың 240 есе не көп, не аз ұшырасатынын аңғарды. Әйтсе де, доктор Сидней Мирвиштің өзі “қауіпсіз” хот-догтың түрін атаудан бас тартып, оның орнына ең қауіпсіз азық-түлік ретінде жаңа сойылған етті жеу керектігін атап көрсетті. Өзінің келесі жобасында доктор Мирвиш хот-догты тышқандарға жегізіп, оның нәтижелерін түгел жазып отырмақшы.
Америка халқының “семіздік” проблемасына тап болғаны – баршаға аян “құпия”. Бірақ, осы айдың басында Аустралияда болып өткен конференцияда АҚШ-тың Миннесота университенінің профессоры Барри Попкин (Barry Popkin) “семіздік” нормасының Азия елдерінде де өсе бастағанын мәлімдеді. Бүгін “семіз” немесе толық адамдардың саны арықтардан асып түскен. Барри Попкиннің есебі бойынша, бүйірі шығып тамақ ішпейтін 800 млн. арық адаммен салыстырғанда, бүкіл дүние жүзіндегі семіздердің саны 1 миллиардтан асып жығылады. “Семіздікті” профессор Попкин “ғаламдық құбылыс” деп атайды. Ендігі жерде бұл проблема ауқатты адамдармен қатар жарлы-жақыбайларды да, қала халқымен бірге ауыл жұртшылығын да қамтып отыр. Бүкіл әлем халқы қазір көбірек тамақ ішіп, аз қозғалады, көбірек жаяу жүрудің орнына теледидардың алдында көбірек жантайып, көбіне автокөлікпен, автобуспен немесе мотоциклмен серуендеуді жөн көреді.
Британдық медицина журналының ("British Medical Journal") осы аптадағы санында жазылғандай, әлемдегі әрбір семіз немесе толық 5 адамның бірі – қытайлық көрінеді. Соңғы 10 жыл ішінде қытайлықтардың “семіздік” нормасы 2 есе артқан. Дегенмен де, Қытайдағы “семіз” немесе “толықтардың” жалпы үлес-салмағы Америка Құрама Штаттары сынды елдердегіден әлдеқайда төмен. Бірақ британдық медицина журналының атап көрсетуінше, Қытайда балалар арасындағы “семіздердің” үлес-салмағының ұлғая түсуі – “алаңдатпай қоймайды”.
Мәскеудегі азық-түлік Институтының балалардың тамағы бөлімінің директоры Игорь Конның мәлімдеуінше, Ресейдің мектеп жасындағы балалары да барған сайын толыға, семіре түсуде. Ресейдің күнделікті “Новые известия” газетінің 18-інші тамыз санында берілген сұхбатында Игорь Кон бұл проблеманың мектеп асханасы мен кафетерийлеріндегі тез тамақтанудан туып отырғанын атап айтты.
Міне бұлар – ғылымның осы аптадағы ең елеулі сәттері болатын. Сіздің ғұмыр дүниеңіз – ғылым дүниесі!