Сенбілік баспасөз Қызылорда облысының әкімі Икрам Адырбековтың Байқоңыр әкімшілігіне өкпесі бар екендігін жазыпты. Сонымен бірге басылымдар он күннің ішінде 7 мыңға жуық заңсыз еңбек мигранты заңдастырылғандығына мән берсе, тағы бір газетте ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған соғыс ардагерінің көз жанары 61 жылдан соң қайта ашылғандығы баяндалыпты.
Қызылорда облысының әкімі Икрам Адырбековтың Байқоңыр ғарыш орталығы басшылығына өкпелі екендігі туралы мақала «Литер» газетінде жарық көріпті. Бұның себебін облыс әкімі шілденің 27-күні «Днепр» зымыран тасығышы құлағанда Байқоңыр басшылығы іздеу жұмыстарына салғырттық танытқандығымен түсіндіреді. «Икрам Адырбековтың айтуынша, апат болған орынға олардың мамандары екі күннен кейін ғана барған. Ал екінші апат орнын 11 күннен кейін тұрғындардың өздері тауып алды» деді облыс әкімі «Литер» газеті берген сұхбатында.
«Егемен Қазақстан» газетіне Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Нұрмұрат Ермановтың сұхбаты жарық көріпті. Онда депутат гептилмен ұшатын зымыран тасығыштардың, баллистикалық зымырандардың ұшырылуын тоқтату керек деген ұсыныстарын бідірген. Нұрмұрат Ермановтың пікірінше, зымырандардың құлауын бұған дейінгі жылдары халықтан жасырып келгендігіне қарағанда ол өте қауіпті болса керек. Оған дәлел ретінде депутат алпысыншы жылдардағы Қармақшы ауылдарының бірін мысалға келтірген. «Кішкентай кезімізде жыл сайын Жаңажол ауылына жайлаулатып барып, құлаған зымырандардың бөлшектерін көріп таң қалысатынбыз. Сол жерлерде қой жайған қойшылардың 20-сы 60-қа жетпей дүние салды. Егер зымыран залалсыз болса сол шопандар өмірден неге ерте кетті?» деген сауалды мәслихат депутаты Ермұрат Нұрманов «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында қойыпты.
Аталған газетте сонымен бірге шілденің 27-күнгі апаттың ауқымы қыркүйек айында анықталатындығы туралы мақала басылыпты. Астанаға жұмыс бабымен келген «Роскосмос» агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов зымыранның құлау себептеріне байланысты жану камерасының жұмысындағы ақауға байланысты ұшудың бірінші сатысында апаттық өшіп қалудың орын алғанын айтқан. «Оған ұшу барысында поршеньге барып тұратын жанар майдың тым қызып кетуі себеп болған деген болжам бар. Ресейлік мамандар зымыран тасығыштың құлаған жерінің, ластану көлемінің белгілі болғанын айта келіп, Ресей Федерациясының келген зиянның мөлшеріне орай өтемақы төлеуден бас тарпайтындығын мәлімдеген» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Бұл уақытта «Казахстанская правда» газеті қазақстандық «КазСат» жер серігінің қазіргі жұмыс жағдайына мән беріпті. «Республиканың төл аппаратының мүмкіндігі көздеген мөлшерден асып түсетіндігі анықталып отыр. «КазСат» аппаратының атқаратын қызметінің бірі - жердегі табиғи байлықтардың қорын анықтау. Үкімет басшысы Даниял Ахметовтың айтуынша, аталған спутниктен алынған алғашқы мәлімет-ақ оған жұмсалған қаржыны толық ақтап шығатындығын атап көрсеткен. Сонымен бірге Ресей мамандары «КазСат-2» жер серігін 2009 жылға таман дайын болып қалатындығын айтқан» делінген «Казахстанская правда» газетіндегі мақалада.
«Экспресс К» газеті Қазақстанда заңсыз мигранттарды заңдастыру акция басталған он күннің ішінде көші-қон полициясына 7 мыңнан астам өтініш келіп түскендігі туралы хабарлады. «Ішкі істер министрлігіндегілер аталған шара барысында жүз мыңға жуық еңбек мигранттары заңдастырылуы мүмкін екендігін айтып отыр. Қазіргі таңда өтініш бергендердің алты жарым мыңдайы заңдастырылыпты. Оның 78 пайызы Өзбекстаннан, қалғаны Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және де ТМД-ның басқа да мемлекеттерінен келгендер. Заңдастырылған мигранттардың 4 мыңы құрылыс саласында жұмыс істеп жүр екен» деп жазды «Экспресс К» газеті.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған соғыс ардагерінің көз жанары 61 жылдан соң қайта ашылғандығы туралы мақала «Айқын» газетінде басылыпты. Батыс Қазақстан облысының екінші топтағы мүгедегі Латифолла Кереевтің Жапониядағы бір шайқаста бастан жараланып, сол көзі көрмей қалады. Өткен жылы ақсақалдың көретін оң көзіне кіреуке түсіп, көру қабілеті күннен-күнге нашарлай бастайды. Содан қарт майдангер аудандық денсаулық бөлімі арқылы квота алып, жақында Орал қаласындағы теміржол саласының мекемелік ауруханасында оң көзіне операция жасатыпты. Оған жәрдем көрсеткен мамандар сыр берген оң көзін тексеру барысында жылдар бойы көруден қалған сол көзінің қан қысымы қалыпты екенін байқаған. Операция өте сәтті шығып, ардагердің сол көзінің көру қабілеті қалпына келді» деп жазды «Айқын» газеті.