Алматыдағы Шаңырақ елді мекенінде шілденің 14-күнгі билік пен тұрғындар арасындағы қақтығыстан кейін, шаңырақтықтарға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитеті осы оқиғаға байланысты 108 адамның тергеу амалдарына тартылғандығын хабарлады. Аталған комитеттің дайындаған мәлімдемесінде осы оқиғаға қатысы бар 6 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы жазылған. Комитет төрағасы Дос Көшім Шаңырақтағы заңсыз баспаналарды бұзу әрекеті қайта жалғасуы мүмкін екендігін айтты.
Тамыздың 22 күні Шаңырақ елді-мекеніндегі баспаналарды бұзу жұмыстары қайта жалғасатындығы туралы ақпаратты «Азаттық» радиосына «Шаңыраққа тірек» қоғамдық ұйымы хабарлады. Аталған комитеттің төрағасы Дос Көшімнің айтуынша, тамыздың 9-күні сот орындаушылары сот шешімі бойынша Шаңырақтағы бұзылуға тиіс үйлердің қожайындарына ескерту қағазын таратпақ болыпты. Сонымен бірге Д.Көшім мырза тұрғындар сот орындаушыларының қағазына қол қоюдан бас тартқандарға Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне келу туралы полиция қызметкерлері оларға қағаз ұстатқандығын айтты.
- Бұл істің аяқталмай жатып қайта басталуына біз қарсымыз. Басылып қалған халыққа әлімжеттік көрсеткеннен бұрын осы мәселені Парламент депутаттарының, әкімшіліктің және мәслихат депутаттарының комиссиясында қарап барып, түпкілікті шешім шығарғаны дұрыс. Осыған жеткізбей жасаған әрекеттердің барлығын заңсыздықты әрі қарай жалғастыру деп есептейміз, - деді Дос Көшім.
Сонымен бірге «Шаңыраққа тірек» комитеті Шаңырақ және Бақай тұрғындарының берген мәліметі негізінде шілденің 14-күні болған оқиға кезінде жараланғандар мен зардап шеккендердің және қалалық ішкі істер департаментінде қанша адам тергелгендігінің тізімін дайындапты. Онда полициямен қақтығыс кезінде 12 адамның зардап шеккендігі, нақтырақ айтқанда екі әйелдің құрсақ тастағандығы және сегіз адамға резеңке оқтар тигендігі көрсетілген. Сонымен қатар осы оқиғадан соң 108 адам Алматының ішкі істер департаментінде тергеу амалдарына тартылғандығы жазылған.
«Шаңыраққа тірек» комитетінің ақпарат жинау жұмысына жауапты Айнұр Құрмановтың айтуынша, тергеу абақтысында қанша адам отырғандығы әлі күнге дейін белгісіз.
- Шаңырақтағы оқиға бойынша қанша адамға қылмыстық іс қозғалғанына қатысты ақпаратты біз адвокаттар мен заңгерлердің берген мәліметі бойынша жасадық. Өкінішке орай, бас-аяғы қанша адам қылмыстық іске тартылғандығын біле алмай отырмыз. Тағы бірнеше кісі бойынша мәлімет тексеріліп жатыр. Анықталған соң оларға да «Шаңыраққа тірек» комитеті адвокаттармен қамтамасыз етуге көмектесетін болады,- деді Айнұр Құрманов.
«Шаңыраққа тірек» комитетінің мәліметі бойынша алты азаматқа қылмыстық іс қозғалған. Барлығына да Қылмыстық кодекстің 241 бабы бойынша «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін» қылмыстық іс қозғалса, соның екеуіне «кісі өлтірген» деген күдікпен айып тағылып отырғандығы айтылған «Шаңыраққа тірек» комитетінің таратқан ақпаратында. Осы мәліметке қатысты біз Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне хабарласқанымызда, баспасөз қызметіндегілер қандайда бір мәлімет беруден бас тартты.
«Шаңыраққа тірек» комитетінің басшысы Дос Көшімнің айтуынша, халықтың өзі жазбаша түрде ақпарат беруден сескеніп отыр.
- Мұның барлығы жариялы түрде жүруі керек еді. Мысалы, ұстап алып кетудің өзінде қорқыту бар. Көшеде, қонақта отырған жерінде ұстап алып кету бойынша арыздар келіп түсіп жатыр. Абақтыда отырған бір азаматты ата-анасымен кездестірмегендігі жөнінде шағым түсті. Полиция ұстап алып кеткен адамдардың жақындарына хабарланбаған. Мұның барлығын біз адам құқығының бұзылуы деп есептеп отырмыз,- деді «Шаңыраққа тірек» комитетінің төрағасы.
Дос Көшім Шаңырақ оқиғасы бойынша заңсыз тұтқындау туралы мәліметтер жинақталып Женевадағы арнайы комиссияға жіберілетінін айтты.
«Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитеті шілденің 14 күні Шаңырақ тұрғындары мен полиция арасындағы қақтығыс оқиғасынан соң баспанасын заңдастыруда қиыншылығы көп ауыл тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында құрылған болатын.
Тұрғын халқы бір жарым миллионға жуық Алматы қаласының шеткері аймақтарындағы «Ұлжан», «Әйгерім», «Думан», «Шаңырақ» ықшам аудандарында 75 мыңдай адам тұрады.