Сейсенбілік баспасөз Украинадан фосфор өндірісі қалдықтары Қазақстанға әкелінетіндігі туралы жазды. Сонымен бірге басылымдар Орал қаласында соңғы саябақ арзан бағаға сатылып кеткендігіне мән берсе, тағы бір газетте ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала саны көбейгендігін жазған.
Орал қаласындағы соңғы саябақ арзан бағаға сатылып кеткендігі туралы «Экспресс К» газетінде жазылыпты. «Облыстық басылымдардың біріне берген сұхбатында қала әкімінің орынбасары Тимур Қарағойшин бұл мәселеге облыс әкімі Нұрғали Әшімовтың қатысы бар екендігін меңзеген» делінген мақалада. «Қалалық әкімшілік 2004 жылдың қазан айында саябақ жерін құрылысқа беру туралы шешім шығарып, бір гектардан астам жер «Адал арна» компаниясына 2 жарым миллион теңгеден астам қаражатқа сатылған. Аталған компания ол жерді тағы үш компанияға 180 миллион теңгеге бөліп сатқан. Ал қала әкімінің орынбасары Тимур Қарағойшин жұмысынан босатылды» деп жазды «Экспресс К» газеті.
Осы тақырыпқа орай «Литер» газеті Тимур Қарағойшиннің сұхбатын басыпты. Онда бұрынғы мемлекеттік қызметкер құрылыс қажетіне қатысты тендерлер заңсыз өткізіліп жатқандығын атап көрсетіпті. Бірақ оның кімдер екендігін Тимур Қарағойшин айтып жатпаған. «Ал облыс әкімі болса құрылысшылардың ешқайсысы оған арыз-шағыммен келмегендігін алға тартып отыр. Ал тендерлердің жүргізілу тәртібіне қатысты қойылған сұраққа Нұрғали Әшімов бұл іске әкімнің бұрынғы орынбасары Әлібек Сыдықов жауапты болғандығын, ол тамыздың бірінен бастап экономикалық және сыбайлас жемқорлық жөніндегі агенттіктің мәліметінен кейін жұмысынан босатылғандығын айтты» деп жазды «Литер» газеті.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса Украинаның фосфор өндіріс қалдықтары Қазақстанға әкелінетіндігі туралы баяндапты. «Украина басылымдары қоршаған ортаға қауіпті қалдықтардың Қазақстан аумағына жіберілетіндігін жазып жатыр. Осындай жүктің Қазақстанға әкелінетін болғаны ма және қай аумаққа жеткізіледі деген сұрақтарға «Комсомольская правда» газеті жауап таппаған: фосфор өндірумен айланысатын «Казфосфат» компаниясының басшылығы басқа мемлекеттің өндіріс қалдықтарын өңдеумен айналыспайтындығын алға тартқан. Бұл қалдықтарды Украина аумағынан шығарумен айналысып жатқан «Славэкохим» компаниясы «Транс Эко LLP» компаниясымен келісім шартқа отырыпты. Бұл компанияның мекен-жайы Атырау қаласында екен. Алайда газет журналистері бұл мекен-жайда жаңағы компания жоқ екендігін анықтаған. Жалпы фосфорға байланысты өндіріс орындарының дені Қазақстанның оңтүстік аумақтарында орналасқан» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Фосфор тақырыбында сөз қозғаған «Жас Алаш» газеті Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» компаниясының қожайыны Аркадий Гайдамактың 30 жастағы ұлы Александр ағылшындық «Портсмут» футбол клубының екінші жартысын сатып алғандығын жазды. «Бұған ол 60 миллион доллар жұмсапты. Ал клубтың жартысын Александр өткен жылы сатып алған болатын. Иерусалимде үлкен Гайдамактың өзінің «Бейтер» деген футбол клубы бар екен» делінген мақалада. «Казфосфат» биыл 64 мың тонна фосфор өндіруді жоспарлап отыр. Жұмысшылардың жалақысы, облыстағы және республикадағы өнеркәсіп орындарының орташа айлық жалақысымен салыстырғанда, біршама төмен. Өткен жылы компанияда 735 жұмыс орны, жыл басынан бері тағы да 102 жұмыс орны қысқарған. Қалған 750 жұмысшының көбі еңбекақылары сақталмайтын демалысқа жүр» деп жазды «Жас Алаш» газеті.
Оңтүстік Қазақстанда жаппай ВИЧ инфекциясына шалдығу оқиғасын жіті қадағалап отырған басылымдар тағы бір ақпаратты таратты: «Литер» газетінде аталған аумақтағы төрт баладан қауіпті инфекцияның бары анықталғандығын жазды. Сонымен ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны онға жетіп отыр. Қазір облыста АҚШ және Орталық азиядағы бақылау орталығының комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейінгі облыстық департаменттің және министрліктің комиссиясы жұқпалы дерттің тарау жолын анықтай алмаған болатын» делінген «Литер» газетіндегі мақалада.
Павлодар облысында сапалы қан дайындау ісі ақсақ тұрғандығына «Айқын» газеті мән беріпті. Бүгінгі күні Кереку жұртшылығының тек қана бес пайызы сапалы қан тапсыруға қабілетті. Облыстық қан орталығының директоры Қобыланды Оспановтың сөзіне сенсек, жыл сайын облыста 9,5 тонна қан дайындалып, түрлі медициналық шараларға жұмсалатын көрінеді. «Бірақ бұл көрсеткішке қосымша 1,5 тонна қан артығымен керек. Мамандар соңғы уақыттарда нашақорлар мен жеңіл жүріске түскендер де қан тапсыруға үміткер болып жүргендігін айтады. Ал ВИЧ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Наталья Бабинаның сөзіне қарағанда, Павлодар тәуекел алдында тұрған адамдардың қан тапсыруы жағынан үштікке енетін көрінеді. Бұл тұрғыда Павлодар қазіргі таңда Алматы, Қарағанды секілді қалалармен оңай иық тірестіретін жағдайға жеткен. Ал қан дайындау мамандары биылғы жылы СПИД ауруын жұқтыруға қабілетті 22 науқасты анықтаған. Олар қан тапсыру кезінде белгілі болған» деп жазды «Айқын» газеті.