Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылып, Қызылорда аумағына құлаған ресейдің «Днепр» зымыран тасығышынан келген шығын мөлшері тамыздың 4-күні Астанада өткен Қазақстан мен Ресейдің бірлескен комиссияның алғашқы отырысында талқыланды. Мәжіліс қорытындысында қабылданған хаттамада «Днепр» құлағанда зымыранда 90 тонна өте улы жарылғыш зат бар болғандығы көрсетілген. Ал Ресей жағы апаттан келген шығынның барлығын өтеуге және оның түпкілікті нәтижесі шықпайынша Байқоңыр ғарыш айлағынан «Днепр» зымыран тасығышын ұшырмайтындығына уәде берген.
«Днепр» зымыран тасығышының апатқа ұшырауына байланысты құрылған екі мемлекеттің бірлескен комиссиясының алғашқы отырысына Ресей делегациясын федералдық ғарыш орталығы директорының орынбасары Виктор Ремишевский бастап келгендігін «Азаттық» радиосына тамыздың 4-күні Қызылорда облыстық комиссиясының төрағасы Айтбай Көшербаев хабарлады. Оның айтуынша, жиында Қазақстанның мүддесін үкіметтік комиссияның төрағасы Азамат Әбдімомынов бастаған топ қорғаған. Екі жақтан ұзын саны қырыққа жуық адам қатысқан отырыс қорытындысы бойынша бірлескен хаттама қабылданған.
- Хаттама 8 пунктен тұрады: халықтың денсаулығы, қоршаған ортаға тиген зардабы, оның көлемін анықтаудың әдістемесі, экономикалық шығын және оның көлемін анықтау, - деді Айтбай Көшербаев.
Бұған дейін «Днепрдің» құлауына байланысты үкіметтен құрылған комиссиядағылар апаттан келген шығынның мөлшері осы отырыста айтылады деген болатын. Алайда алғашқы отырыста екі жақ негізінен шығынды есептеу жолдарын талқылаған. А.Көшербаев мырзаның айтуынша, Ресей жағы барлық шығынды өтеп беруге дайын екендіктерін білдіріпті.
- Шығын көлемі осынша деп айтуға әлі ерте. Бірақ, болып жатқан шығындардан бас тартпайтындығын, яғни төлейтіндігін Ресей мойнына алып отыр. Бұл туралы хаттамада да айтылған, - деді Айтбай Көшербаев.
Бұған дейін «Днепр» зымыран тасығышының құрамында ұшырылғанға дейін 40 тонна гептил және 80 тоннадан астам амил заты болғандығы айтылған еді. Енді «Днепрдың» құлаған сәтінде 90 тонна зиянды зат болғандығы екі жақтың қабылданған келісімінде көрсетіліп отыр.
- Ракета құлаған кезде 26,1 тонна гептил, 63,5 тонна амил болған. Осы мөлшерді екі жақ бірлесіп дәлелдеп, келісім шартта көрсеткен, - деді Айтбай Көшербаев.
«Днепр» зымыран тасығышы ұшудың 74-ші секундында двигательдің бірінші сатысы істен шығып, шілденің 27-күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Тағай қыстағынан алты шақырым жерге құлаған болатын. Диаметрі 50 метрлік шұңқыр қалдырған апат орны келесі күні табылып, шілденің 30-күні Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі зымыран тасығышы құлаған жердегі топырақтың құрамында гептил улы заты қалыпты жағдайдан мың есе жоғары екенін хабарлаған еді. Алайда апат болған орынды зерттеуге қатысқан «Инфракос-экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Жайлау Жұбатов тамыздың 4-күні «Азаттық» радиосына, ол жерден алынған топырақ пен өсімдіктің құрамынан мұншалықты улы зат таппағандығын айтты.
- Біз құлаған жердегі топырақтың, өсімдіктің құрамын зерттеп, одан көп мөлшердегі гептил таппай отырмыз. Сондықтан бір жетіден соң апат орнына тағы бір барып қайтқалы жатырмыз, - деді Жайлау Жұбатов.
Гептил – улылығы жағынан бірінші классқа, амил – екінші топқа жататын өте қауіпті заттар болып саналады дейді маман. Қызылорда облыстық комиссиясының төрағасы Айтбай Көшербаевтың айтуынша, апаттан кейін қауіпті ошаққа жақын маңдағы екі жарым мың халықтың денсаулығына тексеру жүргізіліп, қатерлі аймаққа қоршау орнатылған. Сонымен бірге қазақ-өзбек шегарасының Қазақстан жағындағы бөлімшесінің жауынгерлері зымыран тасығыш құлаған жерден алысырақ жерге көшірілген. Сондай-ақ Ресей жағы ол апаттың себебі анықталмайынша «Днепр» зымыран тасығышы Байқоңырда ұшырылмайтындығына уәде берген.
- Ресейден келген делегация құлаған зымыранның себебі толық анықталмайынша, соған сәйкес екі жақты мемлекет аралық комиссия бір ұйғарымға келмейінше, «Днепр» зымырандарын Байқоңырда қолдану әзірге тоқтатылады, - деді Айтбай Көшербаев.
Оның айтуынша, Қазақстан және Ресейдің бірлескен комиссиясы келесі отырысын қыркүйек айында өткізуге келіскен. Бұған дейін Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігіндегілер «Днепр» зымыран тасығышының апатқа ұшырауы себебін тамыздың 28-не дейін анықтайтындығын хабарлаған еді.
«Днепр» соңғы он жылда Қазақстан аумағына құлаған үшінші зымыран тасығыш, бұған дейін 1999 жылы Қазақстан аумағына екі мәрте «Протон» зымыран тасығышы құлаған болатын.
Тамыздың 4-інен 5-іне қарған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылғалы отырған Ресейдің «Протон-М» зымыраны АҚШ-тың телебайланыс жер серігін орбитаға алып шықпақ.