Сейсенбілік баспасөз АҚШ-тың әскери базалары Қазақстанға орналаспайтындығы туралы жазды. Сонымен бірге басылымдарда «Фридом Хаус» халықаралық ұйымына қарсы қылмыстық іс қозғалғандығына мән берілсе, тағы бір газетте ресей саясатшысы Владимир Жириновскийдің Қазақстанда тұрғысы келетіндігі туралы жазылды.
«Американың қарулы күштері Қазақстанның Ақтау қаласы маңында әскери базасын орналастырады екен деген сыбысты Астанаға ресми сапармен келген АҚШ-тың орталық қолбасшылығының басшысы Джон Абизаид теріске шығарды» деп жазды «Экспресс К» газеті. «Біз Қазақстан аумағында әскери база орналастыруды жоспарлап отырғанымыз жоқ, деп мәлімдеген генерал Абизаид. Оның айтуынша, Ирактағы Қазақстан бітімгер күштері жыл соңына дейін болады. Казбаттың Парсы шығанағында қалу-қалмау мәселесін Қазақстан үкіметі шешеді, деді Джон Абизаид мырза».
Құрама Штаттардың орталық қолбасшылығының басшысы Джон Абизаид мырзаның Астанада армия генералы Мұхтар Алтынбаевпен кездесіп, екі жақты әскери ынтымақтастық мәселесін талқылағандығы туралы «Айқын» газетінде жазылды. «Бішкектегі әскери база осы өңірдегі міндеттерді орындау үшін әбден жеткілікті. Бізді Қазақстанмен НАТО-ның бағдарламасы аясына кіретін әскери әріптестік саласындағы келісім байланыстырып отыр, деді америкалық генерал. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жайына баға бере келіп, Джон Абизаид болашақта оның нығая, өрістей түсеріне сенім білдірген. Сонымен қатар Джон Абизаид Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жүргізіп отырған реформалары мен Қазбаттың Ирактағы бітімгершілік миссиясының рөліне жоғары баға берді» деп жазды «Айқын» газеті.
Қазақстан мен АҚШ-тың әскери саясаты туралы пікірін саясаттанушы Досым Сәтпаев «Литер» газетіне жариялаған мақаласында келтірген. Досым Сәтпаевтың пікірінше, соңғы уақытта АҚШ-тың әскери шенділері Орталық Азия аумағына көп келгіштеп кетті. «Жақында ғана АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Тәжікстанда болса, енді Қазақстанға Джон Абизаид келіп отыр. Бұған дейін АҚШ-тың бұл аймақтағы әріптесі болып келген Өзбекстаннан әскери базалары шығарылып, Қырғызстандағы базасына салқын жүзбен қарай бастағандықтан Вашингтон аймақтағы бұған дейін көп арласпаған мемлекеттермен қарым-қатынасын жақсарта бастады. Сондай мемлекеттердің бірі – Қазақстан» делінген мақалада. Әскери салада Қазақстанның Ресей және Қытаймен байланысы жақсы екендігін ескере отырып, Вашингтон Астанаға қатысты өзгеше саясат ұстанып отыр. Досым Сәтпаевтың пікірінше, «америкалықтардың өз әскери базаларын Қазақстанға әкелмейтіндігін үнемі шегелеп айтуының мәнісі осында жатыр» делінген «Литер» газетіндегі мақалада.
Бұл уақытта Алматының қалалық қаржы полициясы «Фридом Хаус» халықаралық ұйымына қатысты қылмыстық істі тексеріп жатқандығы «Литер» газетінде жазылды. «Аталған ұйымның Қазақстандағы өкілдері бухгалтерлік есептерді қолдан жасаумен айналысыпты» делінген мақалада. Қаржы полициясындағылар «Фридом Хаус» ұйымы жалдап отырған кеңсесінің ақысын төлеуде қате жібергендігін айтқан. «Бұл жердегі әңгіме жалған құжаттар жасау және ондағы қаржы көлемінің қате көрсетілуінде болып отыр. Алдын-ала жасалған ақпарат бойынша, заң бұзушылық бірнеше миллион теңге аумағын қамтиды» деп жазды «Литер» газеті.
Ресей Думасының вице-спикері Владимир Жириновскийдің Қазақстанға сапары туралы «Комсомольская правда: Қазақстан» газетіндегі сұхбатта қамтылды. Газет тілшісіне Жириновский мырза өзінің ешқашанда Қазақстан туралы, оның басшылығы мен қарапайым халыққа қарсы жаман сөз айтпағандығын, президент Нұрсұлтан Әбішұлына құрметпен қарайтындығын және Қазақстанда балалық шақты бірге өткізген достары көп екендігін әңгімелеп беріпті. «Егер мен саясатпен айналыспай, қарапайым дәрігер немесе инженер болсам, онда Қазақстанға оралып, Алматыдағы бұрынғы үйімді сатып алып, мұражайға айналдырып қояр едім. Мүмкін, болашақта дәл солай жасайтын да шығармын», депті Владимир Жириновский «Комсомолькая правда: Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.