Таяу шығыстағы ұрыстан қашып дүйсенбі күні жолға шыққан олар Ливанда тағы жиырма шақты қазақстандық қайта алмай отырғандығын айтты. Ливанның оңтүстігінде автокөлік жолдарының істен шығуына байланысты Бейрут қаласына жете алмаған қазақстандықтар Израиль әскерлерінің құрлықтағы операциясы басталған шақта үйлерінде бас сауғалап қалған. Бұл туралы Қазақстанға оралған азаматтар Алматы әуежайында өздерін күтіп алушылар арасында болған «Азаттық» тілшісіне баяндап берді.
Ливан азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандық Варвара Мұстафаның Таяу шығыста тұрып жатқанына алты жыл болыпты. Израиль мен Хезболла ұйымы арасындағы ұрыс басталған шақта баласын алып жолға шыққан Варвара Қазақстанға алты күн дегенде әрең жеткендігін айтты. Израиль шекарасына жақын маңдағы елді-мекеннен Бейрутқа дейінгі бір сағаттық жолды екі тәулік дегенде жүріп өткен олар Ресей елшілігінің көмектесуімен Сирияға өтіп, одан әрі Мәскеу арқылы Алматыға келген. Варвара Мұстафаның айтуынша, Ливанда жиырма шақты қазақстандық елге қайтудың жолын таппай отыр екен.
- Көпшілігі жолға шығуға қорқып отыр. Ливандағы банктердің жұмысы тоқтатылуына байланысты халықтың жолға қаражаты қалмаған. Оған қоса елде жанармайдың жоқтығынан автокөліктер қаңтарылып қалды. Сонымен бірге Ливанның оңтүстігіндегілер азық-түлік тапшылығын көріп отыр. Халық дүкендердегі тамақты қақтығыс басталған алғашқы күндері-ақ тасып алған. Қазір сауда орындарының бәрі жабық тұр. Қосымша гуманитарлық көмектің жуық арада жеткізілуі неғайбыл – қираған жолдармен жүк көлігінің жүруі қиын, - деді Варвара Мұстафа.
Варвараның өзі қыруар қаражатқа көлік жалдап, Бейрутқа дейін тау арасындағы жолдармен жеткен екен. Ал Варвараның әпкесі Наталья Сотник кішкентай қызымен бірге Ливанға демалуға барыпты. Қираған үйлердің көрінісі мен ұшақ дауыстары тамыз айына дейін Таяу шығысты аралаймын деп Ливанға барған Натальяның есінде қатты сақталып қалыпты.
- Дәл төбеңнен бомбалар жарылып, ұшақтардың оңды-солды ұшуы өте қорқынышты екен. Айналаның бәрі ой-шұңқыр, қираған үйлер, көк түтіннен көз ашпайсың, аспан болса қап-қара. Жолдар қираған, үйлерде жарық жоқ. Газ бен су да жоқ. Ол жақтан кеткенімізге мыңда бір тәубә, - деді Алматыдағы әуежайда жақындарымен жылай көріскен Наталья.
Қазақстанға оралған төртеудің бірі - 15 жастағы Камаль Мұстафа болса бұл соғыстың тезірек біткендігін қалайтындығын айтты.
- Ливанда біздің үйіміз бар. Әкем және достарым сонда қалды. Әрине, мен тезірек үйге оралғым келеді. Мына соғыс тезірек аяқталып, Ливанға қайтатын күн туар деп сенемін, - дейді Камаль Мұстафа.
Бұл уақытта Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ливаннан Қазақстан азаматтарын эвакуциялау жұмыстарын жалғастырып жатқандығын хабарлады. Шілденің 20-күні Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарымен Мәскеуге Қазақстанның 11 азаматы мен 10 бала ұшып келген болатын. Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі Шереметьево-2 әуежайына келіп жатқан Қазақстан азаматтарын күтіп алып, оларды қонақ үйге орналастыруда, деді «Азаттық» радиосына Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің бірінші хатшысы Болат Ыбырайханов.
- Эвакуацияланған Қазақстан азаматтарын елге жөнелту темір жол және әуе көлігімен жүргізілуде. 20 шілдеде 5 баласы бар 8 қазақстандық азамат – барлығы 13 адам Мәскеу қаласынан Орал, Ақтөбе қалаларына жөнелтілді. Сонымен қатар, Сирияға жіберілген Қазақстандық шұғыл іс-қимыл тобының ақпараты бойынша, тағы да 4 қазақстандық азамат елге оралуға ниет білдірді, Қазақстанның 5 азаматы Ливаннан кетуге бас тартты.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Ливанда Қазақстанның 39 азаматы тіркелген, сонымен бірге ұрыс жүріп жатқан аймақта тіркелмеген қазақстандықтар да бар болуы мүмкін дейді дипломаттар.