Бейсенбілік баспасөз Әділет министрі Зағипа Балива жерді заңсыз басып алғандарға биліктің қатаң шара қолданғаны дұрыс деп есептейтіндігін жазды. Сонымен бірге басылымдар Атырауда сиам егізі тіркелгендігіне мән берсе, тағы бір газет Қазақстанда жүз мыңға жуық жетім бала бар екендігін хабарлады.
Шілденің 14-күнгі Шаңырақ елді-мекенінде болған оқиғадан соң полицияның екі қызметкері өз еркімен жұмыстан кеткендігі туралы «Жас Алаш» газеті жазды. «Ауыл тұрғындары мен полиция арасындағы қақтығыстан соң полицияның төрт сарбазы із-түзсіз жоғалып кетіпті» деген әңгіме шығып еді, қалалық ішкі істер департаменті оны жоққа шығарды» делінген мақалада. «Есесіне, полицияның біраз сарбаздары оның қатарынан біржола кетуге бел байлаған екен деген әңгіме рас болып шықты. Қалалық ішкі істер департаменті таратқан мәліметтерге сүйенсек, екі қызметкер өз өтініштерімен отставкаға кеткен» деп жазды «Жас Алаш». «Егер қайсыбір қызметкерлер өздерінің міндетін атқарудан бас тартып жатса, онда оларды ұстамаймыз» деген департамент өкілдері «Жас Алаш» газетінің сауалына.
Шілденің 19-күні «Айқын» және «Литер» газеттерінің оқырмандарына телефон арқылы жауап берген Әділет министрі Зағипа Балиева «Шаңырақ» ауылы тұрғындарының полициямен қақтығысына қатысты қойған сұраққа былай деп жауап берген: « Заңды сыйлайтын қазақстандық азаматтар жер сатып алуда, барлық заңдылықтарды сақтап, өз кезегін күтіп отыр. Ал осы сәтте басқа бір азаматтар жерді басып алып, оған үй салып жатса, бұл дұрыс па? Олар алдымен заңды сыйлайтын өзге отандастарының құқығына көлеңке түсіріп отыр. Сондықтан мұндай жағдайда, әрине, биліктің қатаң шара қолдануына тура келеді. Әйтпесе, оны көрген басқа біреулер, мен де осылайша тегін жерге үй салып ала аламын деп ойлауы әбден мүмкін. Ал сол жердегі тұрғын үйді құжаттайтын қандай да бір қағаздары болса, онда оны заңдастырсын. Бұған Қазақстан заңы қарсы емес. Жалпы, кез келген азамат өз тарапынан заң бұзушылыққа жол бермесе, келеңсіз жағдайларға тап келмейді» деді «Айқын» және «Литер» газеттерінің оқырмандары қойған сауалға жауап берген Әділет министрі Зағипа Балиева.
Бұған дейін Зағипа Балиева Орталық сайлау комиссиясын басқарып жүрген кезде жұмыс қажетіне бөлінген шетелдік мәшиненің еш жерде тіркеуде жоқтығы туралы жазған «Время» газеті бүгінгі санында одан да қымбат тағы бір мемлекеттік автокөліктің ізін таппай отырғаны туралы мақала жариялады. «9 миллион теңгеге 2004 жылы сатып алынған су жаңа көлікке мемлекеттік нөмір тағылып, кейін Әділет министрлігінің уақытша пайдаланылуына берілген. Артынша жаңағы көлік тағы да із түссіз жоғалып кетті» делінген мақалада. «Әрине, қазіргі әділет министрі Зағипа Балиеваның бұл мәшинеге де ешқандай қатысы жоқ» деп жазды «Время» газеті.
Ал «Экспресс К» басылымы Атырауда сиам егізі тіркелгендігіне мән берген. «Аталған аймақтың 26 жастағы азаматшасының құрсағындағы бес айлық баланың сиам егізі екендігін алдын-ала білген дәрігерлер ана денсаулығына кері әсері бар деген күдікпен кесар тілігі арқылы сиам егіздерін алып тастады. Мұндай жағдаймен Атырау дәрігерлері бірінші мәрте кезігіп отыр» деді «Экспресс К» газетіне облыстық аурухананың дәрігері Сания Бақтиярова. Оның айтуынша, жалпы Қазақстан бойынша сиам егіздеріне қатысты екі-үш жағдай болған. «Атыраудағы бұл оқиғаны экологиямен байланыстырудың қажеті жоқ» деді Сания Бақтиярова «Экспресс К» газетіне.
Бүгінде Қазақстанда 93 мыңға жуық жетім бала бар екендігі туралы «Түркістан» газеті жариялады. Қазақстанның іскер әйелдері Қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаеваның айтуынша, жетім балалардың көбеюі жастардың контрацепция мәселелері жөніндегі жан-жақты хабардан кенже қалуынан болып отыр. 2005 жылы Қазақстанда жасөспірім қыздардың жүкті болуына қатысты 10 мыңнан астам оқиға тіркеліпті. «Оның 6 мыңнан астамы жасанды түсік жасатса, қалғаны 4 мыңға жуық сәби дүниеге әкелген. Келешекте балаларға тек медициналық қана емес, сондай-ақ, жасырын псиохологиялық көмек те көрсетілетін болады» деп жазды «Түркістан» газеті.