Украина парламенті – Жоғарғы Радада сейсенбі күні болған бейберекет билік ішіндегі тепе-теңдіктің күрт өзгергенін аңғартқандай болды. 2004-інші жылдың желтоқсанындағы президент сайлауында В.Ющенконың басты бақталасы болып, “қызғылт-сары төңкерістің” нәтижесінде дегеніне жете алмаған В.Янукович, енді, премьер-министр болудан үмітсіз емес көрінеді. Ол бастаған мәскеушіл “Аймақтар партиясы” - Коммунистік және Социалистік партиялармен жаңа коалиция құрды. Социалистік партияның лидері Олександр Мороз парламент төрағасы лауазымын өзіне беретін болған соң, осы коалицияға кірді. Егер В.Янукович премьер-министр бола қалса, ол Украинаның сыртқы саясатын өзгерте ала ма?
Украинаның басшылықсыз қалған “қызғылт-сары коалициясы” көбіне өзінің ішкі қарама-қайшылықтарынан дағдарысқа ұрынып отыр. Оның бір кезде жеңіліс тапқан қарсыластары билік сахнасына қайта оралудың табалдырығында тұр. В.Януковичті премьер-министр етіп тағайындау мәселесін қарап, оны парламенттің мақұлдауына жіберуге дейін президент В.Ющенконың 15 күн уақыты бар. 15 күн - өзінің саяси және экономикалық реформалар жөніндегі жоспарларын В.Янукович жүзеге асыра ала ма деген сауал жауап табуы үшін керек. Оның ішінде өзінің сыртқы саясаты да бар. Штаб-пәтері Киевте орналасқан Бейбітшілік, қайта құру және сыртқы саясат жөніндегі зерттеу Орталығының директоры Олександр Сушконың пікірінше, Украинаның НАТО-ға мүше болып кіру бастамасы, енді, жайына қалуы мүмкін.
“Олар референдум өткізуді ұсынып отыр. Бірақ, бұл соншалықты маңызды емес, маңыздысы – НАТО-ға кіру бастамасына “Аймақтар партиясы” қарсы”, - деп атап көрсетеді О.Сушко.
Бұл, бір жағынан, президент В.Ющенконың саяси белсенділігінен айрылғанын, екінші жағынан – В.Януковичтің бұқара халықтың көңілін таба білгенін байқатады. Таяуда жүргізілген қоғамдық сауалнама қорытындысына сәйкес, В.Януковичтің НАТО-ға кіруге қарсы болуын Украина халқының басым бөлігі қолдайды. Егер В.Янукович бастаған коалиция үкіметке келетін болса, онда В.Ющенко Еуроодақпен ынтымақтасту бастамасына деген үкімет саясатының күрт өзгергенін көруі мүмкін.
“Бұл жерде олар Украинаның Еуроодақпен бірігуге деген ұмтылысын байқататын атүсті саясат ұстануды ойлайды. Алайда, өздеріне онша көп жауапкершілік алмайды. Анығын айтқанда, Еуроодақпен бірігу саясатына асып-саспай, атүсті қарау деген сөз. Мұндай саясат Кучманың ұстанған саясатын, яғни 2004-інші жылға дейінгі үкіметті еске түсіруі мүмкін”, - деп атап көрсетеді О.Сушко.
Олександр Сушконың атап көрсетуінше, “Аймақтар партиясы” Украинаның негізінен Ресеймен және ТМД елдерімен жақын ынтымақтасуын мақсат етеді, бірақ Ресеймен арадағы отын-энергетика және тағы басқа маңызды мәселені қалай шешу керектігі жөнінде ешқандай нақты бағдарламасы жоқ.
Киевте орналасқан Еуропалық және трансатлантикалық зерттеулер Орталығының директоры Олексей Коломейц бұл пікірмен келіседі, бірақ, “Аймақтар партиясы” ресейшіл болғанымен де, оның Мәскеумен арада Өзбекстан немесе Беларуссия сияқты жақын қарым-қатынас орната қоюы екіталай деген өз пікірін қосты. Кез-келген жаңа коалиция, деп ескертеді Коломейц, Батыс Украина мен орталық облыстардың көпшілігінің Ресеймен арада жақын одақ құруға түбегейлі қарсы екенін ескеруге тиіс. Егер де жаңа үкімет құрамында “Аймақтар партиясы” үстемдік еткен күнннің өзінде де, оның саяси құзыры шектеулі болады”.
“Украина конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, сыртқы саясатқа толығымен Украина президенті жауап береді. Оған қоса, сыртқы істер және қорғаныс министрлері оған бағынды. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесі де толығымен президенттің құзырына қарайды”, - деп тізіп келтіреді Олексей Коломейц.
Оның атап көрсетуінше, Украинаның “батысшыл” саясатын өзгертпек болған кез-келген әрекетке президент емін-еркін тосқауыл қойып, жаңа үкіметтің қадірін түсіреді.
О.Сушко бұл көзқараспен толық келіседі және оның пікірінше, мұндай жағдай жаңа сайлау өткізуге жетелеуі әбден мүмкін. Өткен сейсенбі күні экс-премьер-министр Ю.Тимошенко қазіргі саяси дағдарыстан шығудың “жалғыз жолы” ретінде жаңа сайлау өткізуді ұсынды. Бұл жолы оны В.Янукович те қолдап шықты.
“Біз, біріншіден, парламенттің таратылуынан қорықпаймыз және егер солай болса қалса, менің ойымша, біз біржола жеңіске жетеміз де, бұл сұмдықты жоямыз”, -деп мәлімдеді Янукович.
Дегенмен де, әзірше президент В.Ющенко жаңа сайлау өткізу туралы әлі сыр білдірген жоқ. Бірақ та, жаңа парламент сайлауы – елді орыс тілінде сөйлейтін және Ресеймен жақын ынтымақтасуды аңсайтын Шығыс Украинаға және Еуроодақпен бірігуді қалайтын Батыс Украинаға бөлінгенін тағы растамай ма дегенге ешқандай кепілдік жоқ.