Сәрсенбілік баспасөз Алматыдағы банктердің бірі 1,5 миллион долларды тосыннан келген алаяққа ұстатып жібергені туралы жазды. Сонымен бірге басылымдардың біріне Әділет министрі Зағипа Балиева балалар үйінен бала асырап алғысы келетіндігін айтса, тағы бір газет Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айдың ішінде 13 балаға «иммунитет тапшылығы» диагнозы қойылғандығын хабарлады.
Алматыдағы банктердің бірі 1,5 миллион долларға алданып қалғандығы туралы «Айқын» газеті жазды. «АТФ» банктің бас офисіне бас сұққан 25-30 жастағы жігіт өзін «Голд Продукт» компаниясы басшыларының бірімін деп таныстырып, 164 миллион теңгенің чегін түгел нақты ақшаға аударып беруді өтінеді. Тиісті құжаттармен танысқан мамандар әлгілерге қажетті қаржының бәрін сөзге келместен санап берген. Ал түстен кейін банктен шу шықты. Дәл осында «Голд Продукт» компаниясының бухгалтері ақша сұрай келіпті. Анықтай келгенде, банк қызметкерлері тосыннан келген алааяққа жарты миллион долларды ұстатып жіберген. Алайда бұл оқиға әлі күнге құпия сақталып отыр» делінген мақалада. «Қомақты қаржы компанияға несие ретінде берілгендіктен, оны қайтару мәселесі тығырыққа тіреліп тұр. Банк аталған кәсіпорынға енді қаржы бермейтіні анық. Қаржы қиындығына тап болған компанияны келешегі толғандырса, «АТФ» банк алаяқтарға несие беріп, алданып қалған алғашқы мекеме емес» деп жазды «Айқын» газеті.
Маңғыстау облысында тіркелген қылмыстардың жетпіс пайызға жуығын жеткіншектер жасағандығына «Литер» газеті мән берген. «Әсіресе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қылмыстық оқиғалар көп болатындығы анықталып отыр. Сонымен бірге мақалада жеткіншектер бос уақытының көп бөлігін компьютерлік клубтарда өткізетіндігі, бұл жерлерде темекімен қоса спирттік ішімдіктер де сатылатындығы жазылған. «Жас балаларды осындай орындарға барғызбау әзірге ешкімнің қолынан келмей отыр. Ойын мекемелерінің қожайындарына айыппұл салу немесе әкімшілік жауапкершілік жүктеу – бұл мәселені шешпейтіндігін тәжірибе көрсетіп берді» делінген «Литер» газетінде басылған мақалада.
Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айдың ішінде 13 баладан иммунитет жетіспеушілігі анықталғандығы «Аргументы и факты: Казахстан» газетінде жазылды. Облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Рахима Қуандықованың айтуынша, иммунитет жетіспеушілігі кеселінің таралуы жағынан бұл аймақ республика бойынша төртінші орында тұр екен. «Соңғы уақытта инфенкцияның жыныстық қатынас арқылы таралу оқиғасы жиілеп кеткен. Мәселен, өткен жылдың алғашқы жартысында аталған инфекцияны жұқтырған 44 адам тіркелген. Ал осы жылдың алғашқы алты айында мұндай ауруға шалдыққандар саны 78 болып отыр. Балаларға келер болсақ, олардың барлығы ауруханаларға пневмонияның асқынған түрімен түскен. Балалардан иммунитет тапшылығы анықталған сәттен бастап инфекцияның тарау көзі іздестірілген. Алайда, бұл жұмыстан нәтиже шықпаған. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында иммунитет жетіспеушілігі кеселімен тіркелген 661 адамның 8 пайызға жуығының қатерлі инфекцияны қайдан жұқтырғаны белгісіз болып отыр» деп жазды «Аргументы и факты: Казахстан» газеті.
Әділет министрі Зағипа Балиеваның бала асырап алғысы келетіндігі «ЭкспрессК» газетіндегі сұхбатта айтылған. «Отбасымызбен осындай шешімге келіп, баланы балалар үйінен асырап алатын болдық», дейді министр. Тіпті, баланың атын кім деп қоятындығына дейін белгілі екен. «Мен бірнеше жылдан бері балалар үйіне барып, балалармен сөйлесіп, оларға сыйлық апарып тұрамын» дейді З.Балиева. Министрдің айтуынша, «мемлекет олар үшін қандай жақсылық жасамасын, бәрібір ана алақаны мен әке мейірімінің орны бөлек. Қазақстан секілді қарымды дамып келе жатқан елде балалар далада қалмауы керек. Мен қазақстандықтарды өз жүрегінің тым құрығанда титімдей жылуын қараусыз қалған балалармен бөлісуін сұраймын» дейді министр «ЭкспрессК» газетіне берген сұхбатында.