Сәрсенбілік баспасөз «Отан» және «Асар» партияларының бірігуін маңызды саяси оқиға ретінде бағалауда. Сонымен бірге басылымдарда Орталық Азия аймағында жылына 4 миллионға жуық адам құлдыққа жегілетіні айтылса, газеттердің бірі 500 тоннадан астам ғарыш қалдығы Қарағанды аумағын ластайтындығына мән берген.
«Отан» және «Асар» партияларының бірігу туралы шешім қабылданған съезде біртұтас «Отанның» жалпы мүшелерінің саны жеті жүз мыңнан асатындығы айтылды» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті. Съезде сөз сөйлеген президент Н.Назарбаев бұл оқиға партиялық жүйенің дамуында жаңа белес ашатындығын, партиялық кеңістікте жалпыұлттық партия пайда болатындығын атап көрсеткен. Екі партияның бірігуі туралы шешім қабылданған алқалы жиын – «Отан» партиясының 9-шы съезіне 470 делегат сайланған. Делегаттардың құрамында барлық аймақтардың барлық аумақтық партия ұйымдарының өкілдері бар» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Патриоттар партиясының басшысы Ғани Қасымов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында осы оқиғадан соң өз партиясында да өзгерустер болуы мүмкін екендігін айтқан. «Қазақстандағы саяси партиялардың бірімен бірігу туралы ұсыныстар бар. Қазір біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз», деген Ғани Қасымов. Ал «Азаматтық партиясының» төрағасы Азат Перуашев болса екі партияның бұл бірігу Қазақстандағы басқа да партиялардың қызметіне қозғау салатындығын, әзірге өз партиясының басқалармен қосылу туралы ештеме айта алмайтындығын жеткізді» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Экспресс К» газеті «Асар» партиясының басшысы Дариға Назарбаеваға «Отанмен» қосылу туралы шешім қабылдау қиын болғандығына мән берген. Президент Н. Назарбаевтың мәлімдеуінше, Дариға Нұрсұлтанқызына саяси қадамға бару қиынға түскен. «Екеуміз әңгімелескенде Дариға менен көпшілік бұны қалай қабылдайды екен, партия басшылығының құрамы қалай болатындығын сұрады. Мен оған былай жауап бердім: бізді жауынгерлік тапсырманы орындауға жіберген. Оны орындап, әкемізге қайттық, деп айт асарлықтарға, деді Н.Назарбаев. Президенттің пікірінше, біріккен партия отанға берілгендік пен «асарлық» қуаттың қоспасы болуы тиіс» деп жазды «ЭкспрессК» газеті.
Біріккен партияның басты міндеттерінің бірі – оппозициямен әңгіме жүргізу екендігі «Айқын» газетінде айтылды. Съезде Президент жаңа партияның мойнына алатын міндеті ауырлай түсетінін де білдірді. «Отан» енді халықтың партиясы ретінде оппозициямен сындарлы әңгіме жүргізуге тиіс, деді Елбасы. Өйткені олар да біздің халықтың бір бөлігі, олар – біздің қазақстандықтар. Ендеше, біз ешқандай сылтаумен олардың пікірін аяқасты етпеуге міндеттіміз. Елбасының айтуынша, оппозициямен сындарлы әңгімелесуді енді билік емес, дәл осы партия түсінушілік әрі құрметпен жүзеге асыратын болады» деп жазды «Айқын» газеті.
Сәрсенбілік баспасөзде қамтылған тағы бір тақырып – адамды қанау мәселесі. «Аргументы и факты: Казахстан» газетінің келтірген мәліметі бойынша, Орталық Азия аумағында жылына 4 миллионға жуық адам құлдыққа түседі екен. Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымға жарты жылдың ішінде жүздеген қазақстандық көмек сұрап барған. Аталған ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Екатерина Бадикованың айтуынша, адам саудасымен айналыстандардың кінәсін анықтау қиын болып отыр» деп жазды «Аргументы и факты: Казахстан» газеті.
Ал «Известия: Казахстан» газеті болса жыл сайын Қарағанды аймағына 500 тоннадан астам ғарыш қалдығы құлайтындығы айтылды. «Осы жағдайды төрт жыл зерттеген мамандар ғарыш қызметінің адам денсаулығына тікелей әсері бары анықталмағандығын жеткізді. Ал Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының қызметкерлер болса бұл аймақта ауру деңгейі республикалық мөлшермен алғанда жоғары екендігін анықтаған. Дәл ғарыш қалдықтары құлайтын аймаққа жақын тұратындардың денсаулығы одан да төмен» деп жазды «Известия: Казахстан» газеті.